Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Азаматтық авиация комитеті "Фоккер-100" әуе кемелерін техникалық актсыз пайдалануға тыйым салды

28 Наурыз 2016, 11:05
0

ҚР ИДМ-нің азаматтық авиация комитеті "Фоккер-100" әуе кемелерін техникалық актсыз пайдалануға тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ИДМ-нің азаматтық авиация комитеті Bek Air әуе компанияның инженерлік-авиациялық қызметінің басшысына шассидің алдыңғы және негізгі тіректерінің агрегаттары мен тораптарын және шассиді жыю және шығару жүйесін бір жолғы техникалық тексерістен өткізу жөнінде нұсқау жөнелтілді. "Тиісті техникалық актіні ҚР ИДМ-нің ААК-не және "Қазаэронавигация" РМК-ның әуе қозғалысын жоспарлаудың Бас орталығына жолдау қажет. Сонымен қатар, Комитет "Қазаэронавигация" РМК-ның ӘҚЖ БО-на "Фоккер-100" әуе кемелерін жоғарыда көрсетілген техникалық актісіз ұшуға жібермеу жөнінде нұсқау берілді", - делінген хабарламада.

Bek Air әуе компаниясының "Фоккер-100" әуе кемесінің 2016 жылғы 27 наурызда Астана қаласының Халықаралық әуежайында болған авиациялық оқиғасының болу дерегі бойынша Азаматтық авиация комитеті аталған типті әуе ұшақтарының кезекті ұшулары алдында болған авиациялық оқиғаларды болдырмау жөнінде профилактикалық шаралар қолға алынды.

Қазақстанда Фоккер-100 типті әуе кемелерін тек Bek Air әуе компаниясы ғана пайдаланып келеді. Әуе кемелерінің паркінде осындай 8 ұшақ бар, оның 6-ы ҚР-нда пайдаланылады екен.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай