11 маусым 2014 17:32

Азаматтық туралы заңды қайта қарауға қажеттілік туды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Мамандар сөзін бақсақ, қазір Украинадағы тұрақсыздықтың, сол секілді Қызыл Кремльдің қос азаматтықты тыю туралы соңғы қабылдаған заңы астарында да, ең бірінші, демография мәселесі тұр екен. Мысалы, бүгіндері бей-берекетсіздік салдарынан Украина шығысынан мыңдаған орыс Ресейге қарай бас сауғалай қашуда. Ал қос азаматтыққа тыйым салынғандықтан посткеңестік кеңістіктегі орыс ұлты бұрынғыдай екі мемлекеттің азаматы болу мүмкіндігінен айырылған, енді Қызыл Кремль оларға не Отанына түбегейлі кері ораласың, не болмаса, мүлде өз жұрағатынан бас тартасың деп отыр... «Алаш айнасы» осы мәселе жайлы ой қозғайды.

Геосаясат Ресейге қазір жылдам әрі қарқынды дамуды талап етуде. Бірақ КСРО ыдырағалы еткен өз тірліктеріне Қызыл Кремлдің қарны ашулы. Сондықтан олар қандай да бір түбегейлі өзгеріс керектігін жақсылап сезінген. Мұны билік түйсінгенмен, халқы оған әзір емес. Өйткені, статистика бойынша, Ресей Федерациясы халқы қатты деградацияға ұшырап, мұнда қартаю деңгейі ұлғайған, ішкілікке салынғандар пайызы да айтарлықтай зор. Жалпы, РФ сапалы адам ресурсы тапшылығына қатты ұрынып отыр. Сондықтан ресми Мәскеу соңғы кездері жан-жақтағы қандастарын кез келген жолмен қайтарып алуға көшіпті.

«Украинаға қатысты шиеленістің себеп-салдарын әркім әртүрлі болжайды. Ал, меніңше, бұл сол арадағы 9 млн орыстілді азаматтарға байланысты туындаған. Оларды Еуропалық одаққа қосылып, жақсы өмірге әбден бейімделгенде қайтару мүмкін еместігін Ресей жақсы түсініп отыр. Сондықтан Мәскеуге алдын ала қарману керек болды. Нәтиже жоқ та емес. Қазір оңтүстік-шығыстағы бүліктердің салдарынан мыңдаған орыстілді халық бас сауғалап Ресейге қарай қашуда», – дейді қазақстандық экономикалық шолушы Денис Кривошеев. Сол секілді ол Қазақстандағы 3,5 млн орыс Ресей үшін қызығарлық көлем екенін айтады.

«Таяуда бір досымнан мынандай әңгіме естідім. Петропавлда үш баласы бар мұғалима орыс әйел пәтер жалдаудан әбден ығыры шыққан соң өзінің түйіндемесін РФ-ның әртүрлі қаласына ғаламтор арқылы жолдап жіберіпті. Бізде бір жұмыс табысымен баспаналы болу мүмкін еместігі белгілі ғой. Содан оған Томскіден хат келген. Олар 65 мың рубль (2000$) жалақы, жылына үш айлық көлемде демалыс беретіндігін, жалдап тұратын пәтерінің ақысын төлеп тұратындықтарын айтыпты. Ал бір жылдан соң тегін баспанамен қамтамасыз етуге кепілдік берген. Міне, РФ билігі кәсіби білікті кадрларды тарту үшін осындай шығындарды мойнына алуға даяр. Мұндайда біздің солтүстік өңіріміз босай бастайды. Ал оның орнына шекара ашылғандықтан, РФ даулы аймақтағы халқын ақырындап ығыстыруы керек. Мәселен, кавказдықтарды. Қазірдің өзінде Алматы мен Солтүстік Қазақстан облысы қалалары көшелерінен оларды көруге болады. Қазір бізге кавказдықтар ақырындап дендеп еніп, бизнес жүргізіп, бейімделіп өмір сүруде», – дейді Кривошеев.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети