15 қазан 2019 09:35

Әзербайжан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді

© elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевпен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевпен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Елбасы екі ел қатынастарының дамуындағы оң динамиканы атап өтті.

Реклама
Реклама

"Бұл менің Қазақстанның Тұңғыш Президенті мәртебесінде сіздерге алғаш келуім. Елімізде экономикалық даму бағдарламаларын жүзеге асыру және тәуелсіздікті нығайту жұмыстары жалғасуда. Біздің қарым-қатынасымыз қарқынды дамып жатыр. Қазір бізде ынтымақтастықты кеңейту үшін біраз мүмкіндік бар. Сауда көлемін арттыру маңызды. Біз тиісті логистиканы құрдық. Ертең Түркі кеңесінің отырысы өтеді. Мен Құрметті Төраға мәртебесін қуана қабылдадым, өйткені мемлекеттеріміздің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосуды жалғастыра бергім келеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Ильхам Әлиев Елбасына Түркі кеңесінің отырысына келгені үшін алғыс білдірді және оның екіжақты қатынастарды нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

"Қазақстанның Тұңғыш Президентін Әзербайжан жерінде қарсы алу біз үшін зор мәртебе. Сіз Әзербайжанның үлкен досысыз. Көптеген халықаралық мәселелер бойынша әрқашан біздің елімізді қолдадыңыз. Сіздің түркі тілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы үлесіңіз орасан. Мерейтойлық саммиттің Бакуде өтіп жатқанына біз өте қуаныштымыз", - деді Әзербайжан Республикасының президенті.

Сонымен қатар, Ильхам Әлиев Қазақстан астанасының салынуы Баку қаласының дамуына үлгі болғанын айтты.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram