08 маусым 2019 14:51

Әзербайжан сарапшылары Қазақстандағы сайлауалды ахуалға пікір білдірді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы сайлауалды ахуал халықаралық стандарттарға сай. Бұл - әзербайжандық сарапшылардың бағасы.


Қазақстандағы сайлауалды ахуал халықаралық стандарттарға сай. Бұл - әзербайжандық сарапшылардың бағасы.

Мемлекет басшысын сайлау - Қазақстандағы саяси даму кезеңіндегі маңызды қадам. Әрі халықтың таңдауы тұтас ел болашағын айқындайды. Сайлауалды дайындықты саралай отыра, сарапшылар Қазақстандағы сайлау науқанының үдерісіне оң бағасын беріп отыр. 

"Түрлі көзқарастағы үміткерлердің көптігі бұл сайлаудың қорытындысына қатысты қызығушылықты арттыра түсті. Халықтың таңдау жасауына ашық әрі демократиялық барлық жағдай жасалған. Менің ойымша, сайлау кезінде ақпарат құралдарының көп болуы оның ашықтығын қамтамасыз ете алады", - дейді Каспий зерттеулер орталығының жетекшісі Шыңғыс Исмаилов.

"Кезектен тыс президенттік сайлау Қазақстан үшін демократияның салтанат құратын жаңа кезеңі болмақ. Қазақ халқы өз таңдауын жасайды. Қазақстанның мемлекет ретінде дамуы үшін бұл сайлау кезекті қадамдардың бірі боларына күмәнім жоқ", - дейді Әзербайжан парламентінің депутаты Мұса Гулиев.

Дереккөз: Хабар 24

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети