21 қыркүйек 2016 15:24

Әзербайжанның 50 жылдан кейін қандай болатынын ЭКСПО-2017 қонақтары көре алатын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© expoandwomen.com © expoandwomen.com

Асанада "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Әзербайжан Республикасының Энергетика министрі, Әзербайжан ұлттық павильонының комиссары Натиг Алиевпен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми сайтына сілтеме жасап. Басқосу барысында екі жақ көрмеге дайындық барысын талқылады. 


Асанада "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Әзербайжан Республикасының Энергетика министрі, Әзербайжан ұлттық павильонының комиссары Натиг Алиевпен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми сайтына сілтеме жасап. Басқосу барысында екі жақ көрмеге дайындық барысын талқылады. 

Ахметжан Есімов халықаралық павильондардың жақын арада дайын болатындығын әрі олардың қазан айында барлық қатысушыларға берілетіндігін айтты.   

Бүгінгі таңда халықаралық мамандандырылған көрмесіне 103 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым қатысатындығын растады. Әзербайжан Республикасы өзінің қатысатындығын растаған алғашқы мемлекеттердің бірі. Әзербайжан ұлттық павильонының комиссары алдағы көрмеге дайындықтың белсенді ттүрде жүргізіліп жатқандығын жеткізді.  

"Қазақстанда ЭКСПО-2017 көрмесінің өтетіндігі туралы хабар алысымен біз энергетика саласына қатысы бар барлық дерлік компаниялармен байланыстық және қазіргі таңда біздің ұсыныстарымыз өте көп" - деді комиссар Алиев.

Натиг Алиевтің айтуынша, мемлекет энергетика саласындағы жуырдағы онжылдықтағы ең үздік технологияларын көрсететін болады. Сондай-ақ, ұлттық павильонның безендірілуі мен ұйымдастыру бойынша техникалық мәселелер талқыланды.

Еске салайық, осыған дейін Астана полицейлерінің "ЭКСПО-2017" территориясын электрмобильдермен және сегвейлермен күзететіні хабарланған болатын. Бұл туралы жол-патрульдік полиция полкінің штаб басшысы Қуаныш Еркінов мәлімдеген-ді. Қуаныш Еркіновтің айтуынша, қазіргі кезде екі сегвей бар, олардың көмегімен полицейлер Астананың Орталық саябағын күзетіп жүр екен. "Осы жылы күзету үшін электрмобильдер мен скутерлер қосылды. Сонымен қатар, жазғы уақытта Есіл өзенінің бойымен катер жұмылдырылды. Осы құрылғылардың қолданысы арқылы біраз өзгешеліктер бар, адамдар тәртіпке бағынады. Бұрындары қоғамдық орындарда заң бұзушылықтар көп болатын, ал қазіргі кезде біршама азайған. Бұл электрмобильдер саябақтардың маңында қозғалатын болады", - деді Қуаныш Еркінов.

Бұдан кейін Астанада ЭКСПО-2017 үшін еріктілерді іріктеудің екінші кезеңі басталғаны хабарланды. Бұған дейін тестілеуден өткен 3 мың еріктілер қатарына тағы да 1 500 қосылатын болады. Ұлттық компанияда түсіндіргендей, мұндай қажеттілік көрме аясында бірқатар ауқымды халықаралық деңгейдегі форумдар мен іс-шаралар өткізілетіндіктен туындап отыр. Атап айтқанда, Бүкіләлемдік туристік ұйыммен бірлесе отырып, туристік форумның өткізілуі туралы келісімге келді, сондай-ақ, дүние жүзінің 165 мемлекеті қатысатын World Boxing Council Конвенциясының 55 жылдық мерейтойы мен кәсіби бокс кешін ұйымдастыру бойынша меморандумға қол қойылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети