14 наурыз 2014 19:23

"Азия Авто" басшылығы Қазақстанда LADA 4x4 көлігін шығаруды тоқтату себебін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Өскеменде автокөлік құрастырумен айналысатын "Азия Авто" зауыты басшылығы үстіміздегі жылдың екінші тоқсанынан бастап, яғни сәуір, мамыр немесе маусым айларынан соң Қазақстанда LADA 4x4 жол талғамайтын көлігін шығаруды тоқтату туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды аталған автокөлік зауытының президенті Ерік Сағымбаевқа сілтеме жасаған "Колеса" порталы. Оның айтуынша, Қазақстанда LADA 4x4 жол талғамайтын көлігін шығаруды тоқтату басқа маркадағы өндірістің және қозғалтқыштың қосымша күшіне сұраныстың артуымен байланысты. "Niva классикалық көлігі үнемі жаңарту жүргізіліп жатқандығына қарамастан баяғыдан "зейнетке" шығуға сұранып жүргенін ұмытпалық. Қалай дегенмен де жобалап, даярлау жұмыстарына кеткен мерзімді есепке алмағанда аталған марканың жарыққа шыққанына 37 жыл болған. Жол талғамайтын көлік үнемі жетілдіріліп отырды, бірақ бүтіндей емес, бәрібір жаңа стандарттардан қалыс қалып келді" - делінеді порталдың хабарламасында. Еске сала кетелік, Қазақстанда LADA 4x4 жол талғамайтын көлігін шығаруды тоқтату туралы сөз алғаш рет Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Раудың аузынан шыққан. Ол 2015 жылы өз күшіне енуі тиіс автокөлік құралдарының қауіпсіздігі жөніндегі жаңа техникалық регламентке түсініктеме бергенде осылай деген. Алайда Tengrinews.kz тілшісіне автозауыт президенті Ерік Сағымбаев Қазақстанда LADA 4x4 жол талғамайтын көлігін шығаруды тоқтату техрегламентке еш қатысы жоқтығын айтты. "Бұл автокөлік Ресейде жасап шығарылады. Оған техникалық регламент талаптары қойылады, бірақ бұл моделдің қауіпсіздік жастықшасы техникалық сынақтан босатылады. Жол талғамайтын көлік "БИПЭК АВТО" желісі арқылы Қазақстанда да сатылатын болады" - дейді ол. Сонымен қатар Сағымбаев бүгінгі буындағы жол талғамайтын көлік тағы бір жаңарту кезеңінен өтетінін, ол уақыт 2017 жылға белгіленгенін айтты. Бұл қазіргі қауіпсіздік стандарттарына толықтай сай мүлдем бөлек автокөлік болады. "Әзірге жаңа буындағы автокөлік бізде жасап шығарылады ма, оны дөп басып айту қиын, бірақ "АвтоВАЗдан" шығатын барлық жаңа дүние біздің "Азия Авто Қазақстан" жаңа зауытынан да құрастырылып шығуы тиіс. Техникалық тұрғыдан алғанда бұл әбден мүмкін" - дейді сұхат беруші. Кеден одағының жаңа техрегламентіне қатысты біз әңгімеге тартқан зауыт басшысы бұл жаңашылдық Қазақстандағы жаңа автокөліктердің бағасы өсіміне еш әсер етпейді деп санайды. "2013 жылдың соңында енгізілген өзгерістер өндіріс иелері үшін күтпеген жаңалық болды деп айта алмаймын. Бұл талаптарды көптеген елдерде қолданылатын, сол секілді біздің зауыттар, соның ішінде Ресейдің де өндірген жаңа автокөліктерінде сақталған базалық стандарттарға жатқызуға болады. Мәселен, Қазақстанға импортталған барлық LADA автокөліктері қауіпсіздік жастықшасымен, АВS-пен, Isofix бекіткіштерімен, иммобилайзермен, жүріс қауіпсіздігімен жарақталған. Өзіңіз түсініп отырғандай, бағасы жоғары автокөліктер үшін бұл жарақ элементтері қалыпты боп табылады" - дейді Сағымбаев. Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресейде жасап шығарылатын саусақпен санарлық автокөлік моделдері техрегламенттің талаптарына толықтай жауап бере алмайды. "Көбіне қауіпсіздік жастықшасы болмайды. Бұл, мысалы ZAZ Chance және УАЗ бен LADA 4x4 "классикалық" моделдері. Кеден одағы елдерінде жасап шығарылатын автокөліктер бойынша біржылдық өтпелі кезең бекітілген, осы уақыт ішінде олар қажетті конструкциялық өзгерістер жүргізуі шарт" - дейді ол. Алдында Қазақстан автобизнес қауымдастығының басшысы Андрей Лаврентьев Кеден одағының жаңа техрегламенті қазақстандық жаңа автокөліктердің қымбаттауына түрткі болады деп айтқан болатын. "Түбегейлі өзгеріс болмайды. Қымбатшылық GPS пен "Глонасс" жүйесінің SOS тетігін орнатумен байланысты орын алады, ал қалғанымен біздің автокөліктер әбден жарақталған" деген ол. Еске сала кетелік, жаңа техникалық регламентке сәйкес, 2014 жылдың қаңтарынан бастап Кеден одағы елдеріне экспортталушы автокөліктер блоктаушы жүйе - ABS-пен, қауіпсіздік жастықшасымен, Isofix бекіткішімен, иммобилайзермен, жүріс қауіпсіздігімен жарақтануы тиіс. Бұл талаптар бүгіндері Қазақстан көшелерінде жүрген автокөліктерге міндеттелмейді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети