Астанаға кіруді ақылы ету кейінге қалдырылды. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде Астана әкімі Әсет Исекешев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанаға кіруді ақылы ету кейінге қалдырылды. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде Астана әкімі Әсет Исекешев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Исекешевтің айтуынша, халықтың елорда әкімдігінің енгізгелі отырған жаңашылдығына қатысты өтініштері мен ескертуілері негізге алынған.
Халықтың пікірін есепке ала отырып, қалаға кіруді ақылы етуді және Абылай хан мен Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылдарында бір бағыттағы қозғалысты енгізуді кейінге қалдырдық", - деп мәлімдеді елорда әкімі.
Еске салайық, 2017 жылдың 21 мамырынан бастап қарбалас сәтте қалаға кіру ақылы болатыны айтылған еді. Сондай-ақ, жол картасының жоспарына сәйкес, сағат 7.00-ден 10.00-ге дейін мына алты бағыт бойынша: Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қосшы және Қорғалжын ақылы болатыны хабарланған еді.