Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Баға көтеріле береді - БҚО әкімі

05 Қаңтар 2016, 11:40
0
© ortcom.kz
© ortcom.kz

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Астанада өткен брифингте әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы көтерілетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алайда ол жағдайдың бақылауға алынғанын атап өтті.

ОКҚ-да журналистердің сұрағына жауап берген Нұрлан Ноғаев бұл мәселе бойынша миниторингтің жүргізіліп жатқанын айтты.

"Баға үнемі бір деңгейде тұра алмайды. Ол түрлі объективтік және субъективтік себептер бойынша көтеріледі. Бірақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік мониторингі үшін облыста облыстық, қалалық және аудандық штаб құрылды, оларға жергілікті атқарушы органдардың, орталық атқарушы органдар мен қоғам өкілдері кіреді. Біз ол жұмысты жоспарға сай жүргізіп жатырмыз", - деді Ноғаев.

"Баға шарықтады" дегенде нақты қай азық-түліктің, қаншаға көтерілгенін айту керек. Бүгінгі таңда жағдай бақылауда. Тағы бір мәрте айтқым келеді: бағаның объективті түрде өсуі бар және болады да. Біз бағаны үнемі бір деңгейде ұстап тұра алмаймыз", - деді БҚО әкімі. Мәселені толығырақ зерделеу үшін ол журналистерді өңірге шақырды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай