06 қараша 2014 15:36

БАҚ-та дәрі-дәрмек жарнамасына не себепті тыйым салынбайтыны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Надежда Петухова бұқаралық ақпарат құралдарында дәрі-дәрмек мен медициналық техниканың жарнамасына тыйым салудан не себепті бас тартылғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Надежда Петухова бұқаралық ақпарат құралдарында дәрі-дәрмек мен медициналық техниканың жарнамасына тыйым салудан не себепті бас тартылғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 қараша күні Мәжіліс рецептсіз берілетін дәрі-дәрмек жарнамасына тыйым салуды алып тастауды қарастыратын "ҚР салық мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. 

"Бұл түзетудің енгізілген себебі - бізден барлық дерлік республикалық телеарна бұқаралық ақпарат құралдарына экономикалық шығын келтіретіндіктен бұрын енгізілген түзетуді (дәрі-дәрмек жарнамасына тыйым салу) алып тастауды өтінді. Кеден одағының барлық елінде, ТМД-да, Еуропада бұқаралық ақпарат құралдарында рецептсіз берілетін дәрі-дәрмек жарнамасына рұқсат беріледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстары бойынша пациент препараттың кері әсерлері, әсер ету тетіктері туралы білуге құқылы. Қазақстандық телеарналардың пікірін ескереміз, себебі олар шығынға ұшырайды, егер біз тыйымды енгізсек, жарнаманы басқа арналар көрсететін болады, мысалы, ресейлік, т.б. Демек, олардың жарнамалауға құқы бар, табыс соларға кететін болады", - деді депутат.

"Біздің телеарналардың құқығын шектемеу үшін, олардың экономикалық табысын азайтпау үшін, пациенттер дұрыс ақпарат алуы үшін түзету қабылданды. Оны енгізуді Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеті көтерді. Біз түзетуді жарнаманың халықаралық стандарттарына сәйкестендіре отырып енгіздік", - деді Петухова. 

Еске сала кетейік, БАҚ-та дәрі-дәрмек жарнамасына тыйым салу туралы түзетулер 2014 жылдың мамырында қабылданып, 20 қарашада күшіне енуі керек болған еді. Олар "Рұқсаттар мен ескертулер туралы" заңда қарастырылды. Түзетулерге сәйкес, медициналық қызмет, алдын алу шараларының әдістері мен құралдары, ауруды анықтау, емдеу, медициналық сауықтыру, дәрі-дәрмек, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалар жарнамасын тарату мен орналастыру тек қана мамандандырылған медициналық басылымдар мен денсаулық сақтау ұйымдарында іске асырылады. Түзетулер қабылданған кезде бұған сарапшылар мен БАҚ тарапынан наразылық туған еді. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети