21 шілде 2018 08:45

Бақыт Сыздықова Қасымовқа хабарласып, оның отставкаға кетуін халықтың талап етіп отырғанын айтқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжілістің бұрынғы депутаты, белгілі қоғам қайраткері Бақыт Сыздықова Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа қоңырау шалып, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімі жайында сөйлесті.


Мәжілістің бұрынғы депутаты, белгілі қоғам қайраткері Бақыт Сыздықова Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа қоңырау шалып, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімі жайында сөйлесті.

Ол бұл жөнінде кеше, 20 шілде күні кешке Facebook парақшасында жазды. "Достар, мен уәде бергендей, ҚР ІІМ министрі Қалмұханбет Қасымовпен телефон арқылы сөйлестім. Шындығын айту керек - тұтқаны бірден алды, ұзақ әрі тыңғылықты сөйлестік. Министр айтты, олар да көз ілмепті: тергеу шараларын жүргізіп, Денисімізді өлтіргендерді іздепті....... Қылмыскерлер туралы айтты, БАҚ-тан білесіздер, олар - көлік жуатын жерде жұмыс істеген, бір кездері моншаға арналған сыпырғыштарды байлаған, қалған кездері көліктерді тонаған сияқты. Мен өз кезегімде, одан халықпен кездесуді, Қазақстандағы қылмыстық жағдай туралы сөйлесуді сұрадым және әлеуметтік желіде оның отставкаға кетуін талап етіп, сол туралы айтылып жатқанын жеткіздім. Жауапты бірден алмадым, күтеміз, ойланып көруге уәде берді", - деп жазды Сыздықова.

Еске сала кетейік, 19 шілдеде Алматыда екі адам Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Денис Теннің өлімі ұлттық трагедия болды. Әлемнің әр бұрышынан адамдар хабарласып, спортшының отбасына көңіл айтып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети