11 наурыз 2016 17:27

Бақыт Сыздықованың мәслихат сайлауынан неліктен шығып қалғандығы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Бақыт Сыздықованың мәслихат сайлауынан неліктен шығып қалғандығы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін округтік сайлау комиссиясының отырысы болып өтті. 


Бақыт Сыздықованың мәслихат сайлауынан неліктен шығып қалғандығы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін округтік сайлау комиссиясының отырысы болып өтті. 

Сыздықова отырысты Periscope арқылы тікелей эфирде таратты. Жиында тағы екі кандидаттың сайлаудан шығып қалғандығы айтылды. Бақыт Сыздықова сайлауға үш рет қатысып, жеңіске жеткенін атап өтті. Ол екі рет Астана мәслихатының депутаты болған, тағы бір рет Мәжілістің ІV шақырылымының депутаты болды.

Ол осы жолы сайлаудың өзі үшін азаматтық тәжірибе болғанын айтты. 

"Сіздер менің кандидатурамды қайшылықтарымның болғаны үшін шығарып тастағыларыңыз келіп отыр. (...) Мұнда "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" АҚ банк есебінде жатқан зейнетақы жинағы мөлшерінен 6,61 теңгеге асқаны айтылады", - деді Сыздықова.

Осыған дейін Астананың 17 округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидатурасын ұсынған Бақыт Сыздықованың сайлаудан шығып қалуы мүмкін екендігі хабарланған болатын. "(...) Білесіз бе, дұрыстығыма сенімдімін. Қазіргі уақытта Ақтаудағы форумда болғандығымнан, қолымда құжаттар жоқ. Маған хабарласып "келіңіз, сіздің сайлаудан шығарылатыныңыз жайлы хаттама береміз" деді. Салық декларациясында мәселелердің барын айтты. (...) Мен сайлауға дұрыс әрі нақты дайындалдым, бірнеше салық кеңесшісінен кеңес алдым, олар менің барлық есебімді, картамды, зейнетақы жинағымды тексеріп берді", - деген еді Сыздықова.

Ал ОСК мүшесі Марат Сәрсембаев өзін-өзі ұсынып, сайлаудан шығып қалғандардың жарыс жолына қайта келу-келмеуі жайлы сұраққа былай деп жауап қатты: "ҚР электоралдық заңнамасы бойынша, арыз жоғары тұрған сайлау комиссиясына беріледі. Бұл мәселені шешудің бір жолы. Екінші жолы - сайлау комиссиясының орналасқан орны бойынша сотқа беруге болады, ал соттың қалай шешетінін алдын ала білу қиын. Себебі әркімнің жағдайы әрқандай болады, сосын біреудікін қанағаттандырады, ал біреудікін қанағаттандырмайды. Осылайша, біреудің мүмкіндігі болып, келесісінікі болмай қалуы мүмкін".

Сонымен қатар, мәслихат депутаттығына кандидаттығын ұсынған шамамен 300 адамның сайлаудан шығып қалғаны белгілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети