Астана қалалық жергілік полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев елордалық ішкі істер департаментінің басшысы Марат Қожаевтың орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ведомство сайтында хабарланды.

Сайт мәліметінше, Малыбаев жаңа қызметте 2018 жылы 5 қыркүйектен бастап жұмыс істеп жатыр.
Малыбаев Бақытжан Әсембекұлы 1969 жылы 23 шілдеде Жамбыл облысы Қордай ауданы Қызылтас ауылында дүниеге келген. 1999 жылы ҚР ІІМ Алматы заң институтын тәмамдаған. 1987-1989 жылдары Қарулы күштерде борышын өтеген. 1990-2008 жылдары аралығында Алматы құқық қорғау органдарында жұмыс істеген. 2007 жылы Алматы ІІД жол полициясы басқармасының басшысы қызметіне тағайныдалған.
2008 жылы Малыбаев Астана ІІД ведомствосының жол полициясы басқармасы басшысының орынбасары қызметіне ауысқан, ал 2013 жылы Астана ІІД жол полициясы басқармасын басқарған. Кейінірек, сол жылы елордалық ІІД әкімшілік полиция басқармасын басқарған.
2016 жылдан бері ол Астана қалалық жергілікті полиция қызметін басқарған.