21 қаңтар 2015 10:54

Балалар автокреслосы туралы норма кейінге қалдырылмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©drive2.ru ©drive2.ru

Балалар автокреслосы туралы норманы іске асыру кейінге қалдырылмайды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы басталар алдында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Балалар автокреслосы туралы норманы іске асыру кейінге қалдырылмайды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы басталар алдында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Tengrinews.kz тілшісінің "балалар автокреслосы туралы норманы кейінге қалдыру қарастырылып отыр ма?" деген сауалына Қасымов: "Жоқ, болмайды" деп жауап берді. Ол мәселенің "заңға сәйкес" шешілетінін айтты. 

Айта кетейік, Tengrinews.kz тілшісінің балаларға арналған бекіту құрылғыларын қолдану міндеттілігі туралы норманы алып тастау жөніндегі сауалына министрлік оны іске асыруды кейінге қалдырудың қисынсыз екенін айтқан еді. 

"2014 жылы жолаушы балалардың қатысуымен 1399 жол-көлік оқиғасы тіркелді, олардың 89-ы қаза болып, 1704-і жарақат алды. Егер олар бекіту құрылғыларын тағынған жағдайда көбін құтқару мүмкін болар еді", - деп хабарлады ІІМ өкілдері. 

Министрліктің мәліметінше, аталған норма әлемнің 80 елінде бар. 

Еске сала кетейік, Мәжілістегі "Ақ жол" фракциясының депутаттары Қазақстанда балаларға арналған автокреслолар туралы норманы бір жылға шегеруді, сонымен бірге, бұл түзетуді көрсетілген уақытта қайта қарауды және автокреслоларды тек 6 жасқа дейінгі балаларға ғана міндеттеуді, ал 6 мен 12 жас аралығындағы балалар үшін бұл норманы кеңес ретінде қалдыруды сұраған болатын.

Бұдан кейін жаңа жол қозғалысы ережесін Сенат депутаттары да сынады. "Парламент Ішкі істер министрлігіне жаңа жол қозғалысы ережесі мен "Жол қозғалысы туралы" заңды түсіндіруге алты ай берді, бірақ бұл уақытты өткізіп алды", - деп мәлімдеді Дулат Құсдәулетов. 20 қаңтар күні "Ақ жол" партиясында өткен тыңдауда ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитеті басқарма бастығы Қанат Сәдуақасов балалар автокреслосы туралы норманы кейінге қалдыру жол апаты құрбандары санының көбейіп кетуіне әкеліп соғуы мүмкін екенін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети