07 қараша 2016 16:16

Балалар порнографиясын насихаттайтын 28 мыңнан аса сайт жабылды - ҚР ІІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Cossa.ru © Cossa.ru

Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарға қарсы іс-қимыл жасау бойынша заңнамалық және практикалық сипаттағы қабылданып жатқан шараларды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарға қарсы іс-қимыл жасау бойынша заңнамалық және практикалық сипаттағы қабылданып жатқан шараларды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, елімізде балаларға қамқорлық жасауға және олардың өмірін, денсаулығын сақтауға, сондай-ақ оларға қатысты түрлі қылмыстардан қорғауға ерекше мән берілген. 

"Бүгінде баспасөз бен Интернетте осындай әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікті өмір бойына бас бостандығына айыруға және өлім жазасына дейін қатаңдату мәселесін үнемі талқылануда. Ол бұндай зұлымдыққа адамдардың немқұрайлы қарамайтындығын көрсетеді. Ішкі істер органдары басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, тұрақты түрде балаларға қатысты құқық бұзушылықтар, оның ішінде сексуалдық сипаттағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл жасау бойынша заңнамалық және практикалық жұмыстар жүргізеді", - дей келе ведомстводағылар атқарылып жатқан шараларды атады:

1. Қылмыстық жаза қатаңдатылды. Көрінеу жас балаға қатысты жасалған зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық, енді 15 жылдан 20 жылға дейін не өмір бойына бас бостандығынан айыруға әкеледі (белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына дейін айыра отырып).

"Осы қылмыстардың жекелеген субъектілері ретінде ата-аналары, педагогтар және кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттер жүктелген өзге адамдар бөлінген - олар үшін жауапкершіліктің анағұрлым қатаң шаралары көзделген", - дейді министрліктегілер.

2. Осындай қылмыстарды жасаған адамдарға шартты түрде соттауға, рақымшылыққа, шын өкінуімен және татуласуымен байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатуға, мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға, жазаны анағұрлым жеңіл түрімен ауыстыруға тыйым салынды.

3. 2018 жылдан бастап медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы ретінде химиялық кастрация енгізіледі .

4. Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық қылмыстар жасағаны үшін сотталғандарды түзеу мекемелерінен босатар алдында мүмкін болатын қайталануды анықтау және ескерту шараларын өткізу үшін сот-психиатриялық сараптама тағайындалады.

5. Бас прокуратура кәмелетке толмағандарға қарсы сексуалдық қылмыстар жасаған үшін сотталған адамдардың деректер базасын қалыптастырды.

Сонымен қатар, министрлік өкілдері бостандықта жүрген осындай адамдар (бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар және т.б.) туралы ақпарат, қайтадан қылмыстар жасаудың алдын алу мақсатында жалпыға қол жетімді Интернет-ресурста орналастырылғанын (https://infopublic.pravstat.kz/) хабарлады. Осы шараларға медициналық мекемелер де тартылған, олар ерте жүктілік жағдайлары туралы дереу полицияға хабарлайды.

6. Барлық жерлерде профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі, мысалы, қолайсыз отбасылармен, оқушылармен және олардың ата-аналарымен, БАҚ арқылы.

ҮЕҰ-мен бірлесе отырып, сексуалдық пайдалануды және балалар порнографиясын насихаттайтын сайттарды анықтау үшін Интернет желісі қадағаланады. Бүгінде тиісті органдар 28 мыңнан астам порносайттарға кіру рұқсатын жапты.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде осы салада оң өзгерістер байқалады. Биылғы III-тоқсанның қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар саны 17,1 пайызға кеміген (858-ден 711-ге дейін), оның ішінде зорлаулар 37,1 пайыз (159-дан 100-ге дейін), сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері 37,6 пайыз (133-тен 83-ке дейін). Құқық қорғау органдары сексуалдық сипаттағы әрбір қылмысқа ден қоюда", - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети