Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Балалар үйінде тәрбиеленген жігіт өз анасынан 300 мың теңге өндіріп алмақшы

19 Желтоқсан 2014, 16:15
0
Серік Кенжебеков. ©Сурет жеке мұрағаттан алынды
Серік Кенжебеков. ©Сурет жеке мұрағаттан алынды

Балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушісі Серік Кенжебеков өз анасы Перизат Кенжебековадан 300 мың теңге көлемінде моральдық шығын өндіріп алатын болды. Анасы баласын босанғаннан кейін бір аптадан соң тастап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Тараз қалалық сотының шешімінде хабарланды. 

Кенжебеков сот отырысында анасының одан 1991 жылы 6 қарашада бас тартқанын айтты. Сол уақытта сәби Алматыдағы балалар үйіне жіберіледі. Соттың мәліметінше, сәбидің анасы Жамбыл облысында тұрып келген. "Мұның нәтижесінде ол ата-ана мейірімінсіз және назарынсыз тәрбиеленді, жабырқап, ызаланып, торығып, зиян шекті, қолайсыздық сезініп, бұл моральдық зарар келтіру болып саналды", - делінген сот шешімінде. Кәмелет жасына толған Кенжебеков БАҚ арқылы өз анасын іздей бастайды. 2014 жылы телеарналардың бірінен көрсетілген бағдарламадан кейін және тілшілердің ойжа жоқта келуінен кейін Перизат баласына хабарласады. "Ол маған жасырын номермен хабарласты. Қорқытты. Мен тіпті екі номер ауыстырдым. Оның туысқандары телефон соғып, бопсалады, қорқытты", - деді ол.

Кенжебековтің айтуынша, бұдан кейін ол өз анасын сотқа берген. Бұл ісі арқылы ол Қазақстандағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне деген қарым-қатынасты көрсеткісі келді. "Жұмыс іздеп жүргеніме көп жыл өтті. Ешкім қабылдамайды", - деді ол. Әйел іздеуде болып, бірыңғай автоматтандырылған сараптама жүйесінде табылған мекенжай бойынша сотқа бірнеше рет шықырту жіберілген. Дәлелдермен танысып шыққан сот балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушісін қолдады. Айта кетейік, Кенжебеков моральдық шығын ретінде бес миллион теңге талап еткен болатын. Бірақ сот бұл соманы азайтты.

Балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушісі Tengrinews.kz тілшісіне анасының әлі ақша төлей қоймағанын айтты. Сот шешімді 19 қыркүйекте шығарды. Кенжебековтің айтуынша, ол атқару қағазын күтіп жатыр. Ол шешімнің заңды күшіне енгенін айтты. Сонымен қатар, шағымданушы анасының оны не үшін тастап кеткенін айтпағанын хабарлады. "Егер ол маған бір жыл ішінде ақшаны өндірмейтін болса оның қылмыстық жазаға тартылуын талап ететін боламын", - деді ол.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай