Балалар туылған кезден бастап мекенжайы бойынша тіркеуге тұра алады. Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон департаментінің басшысы Серік Сайынов онлайн конференцияда оқырманның сұрағына жауап беру барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Балалар туылған кезден бастап мекенжайы бойынша тіркеуге тұра алады. Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон департаментінің басшысы Серік Сайынов онлайн конференцияда оқырманның сұрағына жауап беру барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Серік Сайынов балаларды мекенжайы бойынша тіркеудің қажет екенін, әсіресе, оны жәрдемқаы алу кезінде немесе балабақшаға кезекке тұру үшін қажет болатынын айтып өтті. "Балаларды мекенжайы бойынша тіркеу ересектерді тіркеу тәртібі сияқты болды. Тек балалардың құжаты ретінде олардың куәлігі қабылданады", - деді Саинов. Сонымен қатар, оның айтуынша, тіркелетін адам ХҚКО-ға баруға міндетті емес. Тұрғын үй иесі тіркелетін адамға сенімхат бере алады. Осылайша құжаттардың түпнұсқасы болған жағдайда, тұрғын үйдің иесінсіз тіркеуге тұра алады. Бірақ құжаттардың көшірмесі қабылданбайды", - деді ол.
Сондай-ақ, ІІМ Көші-қон департаменті басшысының айтуынша, қазіргі уақытта балаларды уақытша тіркеу мәселесі қарастырылып жатыр. Мысалы, бала жазғы уақытта әжесіне қонаққа баруы мүмкін. "Осылайша,16 жасқа дейінгі балаларды уақытша тіркемей-ақ қою ұсынылып отыр. Сондықтан қазіргі уақытта мемлекеттік органдар Үкімет қаулысына енгізілген өзгерістерді қарастырып жатыр", - деді Сайынов.
Сонымен қатар, Сайынов шетелге бірнеше айға оқуға кеткен балаларға тіркеудің қаншалықты қажет екенін түсіндірді. "Үлкен Ұлыңыздың уақытша шетелде болуына байланысты оны тіркеуден шығарудың қажеттілігі жоқ. Себебі ол тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеліп қойған", - деді ІІМ өкілі.