04 желтоқсан 2014 16:58

Балалардың жаппай улануы: КПО экология талаптарының бұзылғанын жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Балалар жаппай уланған Березовка елді мекенінде зиянды заттардың рұқсат етілген шектен асып кеткені анықталмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В" (КПО) компаниясына сілтеме жасап.


Балалар жаппай уланған Березовка елді мекенінде зиянды заттардың рұқсат етілген шектен асып кеткені анықталмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В" (КПО) компаниясына сілтеме жасап.

Компания өкілдері Березовка елді мекеніндегі орта мектепте балалар мен мұғалімдердің улануы жөнінде алаңдаушылық білдірді. "Бұл оқиғаның себебі әлі анықтала қоймаса да, КПО компаниясы ҚР тиісті мемлекеттік органдарымен және Батыс Қазақстан облысының басшылығымен өзара қарым-қатынаста жұмыс істей отырып, Березовкадағы жағдайды тексеруге белсене қатысып жатыр", - деп хабарлады кәсіпорын мамандары. 

КПО мамандары балалардың жаппай улануын тергеумен айналысып жатқан органдарға барлық қажетті мәліметті, соның ішінде, экологиялық мониторинг станциялары ақпараттарын да ұсынып отырғанын айтты. "Бұған қоса, Березовка елді мекеніне экологиялық мониторингтің жылжымалы станциясы жіберілді, ол зиянды заттардың рұқсат етілген шектен асып кетпегенін анықтады", - деп хабарлады компания өкілдері. 

Еске сала кетейік, Березовка ауылындағы мектепте балалар жаппай уланып қалған еді. 20-дан астам адам бірінен соң бірі талып қала бастаған. Дәрігерлер "зорығу" деген алдын ала диагноз қойды. Сонымен бірге, "баллоншадан шашылған газдан улану" деген диагноз да қарастырылды. Жергілікті тұрғындар оқиғаға себеп болып отырған өңірдегі экологиялық жағдай екеніне сенімді: Березовка ауылы дәл Қарашығанақ кен орнының маңында орналасқан. Кейін облыс прокуроры Қарашығанақ кен орнында балалардың жаппай улануынан бұрын ауаға бірнеше рет күкіртті сутек таралғанын растады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети