08 желтоқсан 2017 15:43

Балалардың жоғалып жатқаны жайлы WhatsApp-тағы хабарламалар жалған - ҚР ІІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Интернет мессенджерлерде ұрланған балалар жайлы таралып жатқан дыбыстық хабарламалар шындыққа жанаспайды. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Интернет мессенджерлерде ұрланған балалар жайлы таралып жатқан дыбыстық хабарламалар шындыққа жанаспайды. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұндай факторлар Қазақстан аумағында тіркелген жоқ. Ал хабарламада айтылған ауыл Ресей Федерациясындағы  Кабардино-Балкария аумағында орналасқан", - деді Алмас Сәдубаев.

Осыған дейін Алматы облыстық ІІД әлеуметтік желілерде Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылында балалардың жаппай өлтіріліп жатқаны жайлы хабарламаларға түсінік берген болатын.

Ведомствоның баспасөз қызметіндегілер бұл мәліметтерді жоққа шығарды.

Соңғы кездерде Еңбекшіқазақ ауданында ешқандай да бөлімінің болмағаны айтылады. Полициядағылардың айтуынша, қараша айының соңында Ават ауылында тұратын екі баланың ата-анасынан оларға белгісіз біреулердің тиіскені жайлы арыз түскен.

"Өтініштер тексеріліп, ресми түрде тексерілді. Ават мектебінің әкімшілігімен кездесу өтті, алаңдауға негіз жоқ. Хабарламаларға қатысты қосымша тексеріс жүргізіледі", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети