10 маусым 2016 12:38

Баламның кінәсі дәлелденсе, менің көзімше атып тастасын - іздеуде жүрген лаңкестің анасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube.com © Youtube.com

Іздеуде жүрген лаңкес Бақыт Қуанышбаевтың анасы ұлының кінәсі дәлелденген жағдайда одан бас тартанынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Іздеуде жүрген лаңкес Бақыт Қуанышбаевтың анасы ұлының кінәсі дәлелденген жағдайда одан бас тартанынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Казақстан" телеарнасы Ақтөбедегі терактіге байланысты іздестіріліп жатқан Бақыт Қуанышбаевтың анасының видеоүндеуін жариялады. Гүлсім Қуанышбаеваның айтуынша, ол баласының мұндай әрекетке барғанына сенбейді. Ол баласы кінәсін мойындаған жағдайда, одан бас тартуға дайын екенін мәлімдеді.

"Баламның мұндай әрекетке барғанына сенбеймін. Балам адамдарға сенгіш. Егер ол сонда өз еркімен барып, шынымен де кінәлі болса, ана ретінде айтамын, онда оны менің көзімше атып тастасын, мен оған қарсы емеспін. Естіп тұрсыздар ма! Мен оны бұлай тәрбиелеген жоқпын. Егер барлығы расталса, онда ол менің балам емес, ол бөтен адам. Бұдан басқалар сабақ алсын", - деді Гүлсім Қуанышбаева.

23 жастағы Бақыт Қуанышбаев Ақтөбедегі теракті бойынша іздестіріліп жатқандардың қатарында. Бұған дейін өңірлік ІІД қылмыскерлердің суреттерін жариялады. Олардың арасында Бақыт Қуанышбаев та бар.

Еске салайық, 5 маусым күні Ақтөбе қаласында кеңауқымды теракт болды. Қаланың үш ауданында болған атыс салдарынан жеті адам қаза тауып, 38 адам жарақат алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети