23 маусым 2019 18:27

Баландин АҚШ-тағы халықаралық турнирде 2 күміс медаль алды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дмитрий Баландин АҚШ-тағы CA Dolfin Fran Crippen SMOC халықаралық турнирінде тағы да бір медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Olympic.kz тілшісі.


Дмитрий Баландин АҚШ-тағы CA Dolfin Fran Crippen SMOC халықаралық турнирінде тағы да бір медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Olympic.kz тілшісі.

Баландин брасс әдісімен 50 метрге жүзуде 27.55 уақыт көрсеткішімен күміс жүлдегер атанды. Бірінші орынды қытайлық Ян Зибей иеленген. Кеше 200 метрге брасс әдісімен жарысуда Баландин тап осы спортшыға есе жіберген болатын. Үшінші орынға тағы бір қытайлық спортшы орналасты.

Әділ Қасқабай 50 метрге еркін әдіспен жүзуден финалдық сынға өте алған жоқ.

Ал тағы бір қазақстандық спортшы Әділбек Мусин ертең 50 және 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден жарыс жолына шығады.

Еске сала кетейік, жүзуден Қазақстан командасының мүшелері Дмитрий Баландин, Әділбек Мусин және Әділ Қасқабай әйгілі америкалық маман Дэйв Салоның жетекшілігімен АҚШ-та жаттығуда.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети