05 маусым 2015 16:34

Баласын жоғалтқан салақ ата-ана Павлодар жұртшылығын әбігерге түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Павлодарда жоғалып кетті делінген 4 жастағы баланың ата-анасы полицияны дүрліктіргені үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Павлодарда жоғалып кетті делінген 4 жастағы баланың ата-анасы полицияны дүрліктіргені үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, баланың туыстары оны таксиге отырғызып жіберіп, одан кейін оның жоғалғанын айтып, полицияға хабар берген. "Баланың туысы мен анасы оны ересектердің бақылауынсыз таксиге отырғызып, өздерінің салақтығын және бейқамдығын көрсетті. Алайда осындай әрекетке заңда әкімшілік жауапкершілік қарастырылмаған. Сондықтан олармен профилактикалық жұмыс жүргізілді", - деп хабарлады Павлодар облысы ІІД әкімшілік полицияның аға инспекторы Бибол Жұманов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, ата-аналар өздерінің жауапсыздығы үшін өздерін жазалады. Ведомство баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, баланың әпкесі оны таксиге отырғызып, жүргізушіге нақты мекен-жайды айтпай, баланы Толстой-Кутузов қиылысында тастап кетуді сұраған. Бұл қиылыста ешкім болмайды, бұдан кейін жүргізуші баланы шақырту алынған мекен-жайға қайта апарады. Бұл уақытта баланың ата-анасы полицияға хабарласып, баланың жоғалғанын хабарлап үлгерген.

Баланы іздестіруге полицияның барлық жеке құрамы жұмылды, қалада "Ұстау" жоспары жүргізілді. Полицейлер бала әкетілді делінген жолда барлық көлікті тоқтатып, ішін тексерді. Көлікті анықтауға жарты сағат уақыт кетеді. "Баланың анасы автобуста кондуктор болып қызмет ететінін айтты. Бұл күні ол өз қарындасына телефон соғып, оған баласын таксиге отырғызуды сұрап, алдынан өзінің күтіп алатынын айтқан. Бірақ ол айтылған уақыттан кешігіп барады. Ал такси қызметкері баланы келісілген жерге тастап кетуден қорыққан", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети