14 тамыз 2015 20:01

Балиде жол апатына ұшыраған қазақстандық есін жиды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Агата Нецки/Facebook.com Агата Нецки/Facebook.com

Бали аралында жол апатына ұшыраған қазақстандық есін жиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бали аралында жол апатына ұшыраған қазақстандық есін жиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Қазақстан азаматы Руслан Исаев мотоциклде ұшыраған жол апатының уақыты - 2015 жылдың 6 тамызы. Ол Sanglah Hospital ауруханасына бассүйек ми жарақатымен түсіп, бірнеше күн бойы ес-түссіз жатқан. Қазіргі уақытта Руслан Исаев комадан шықты. Дәрігерлер оның жағдайының тұрақты екенін айтты.

"Бұл оқиға Қазақстанның Индонезиядағы елшілігінің бақылауында. Консулдық бөлімнің қызметкерлері зардап шеккен азаматтың туыстарымен байланыс орнатты және мұндай жағдайда қажетті болатын көмекті көрсетіп жатыр", - деді министрліктегілер.

Еске салайық, осыған дейін тау шаңғысынан спорт шебері, қазақстандық Руслан Исаевтің Бали аралында жол апатына ұшырағаны хабарланған болатын. 32 жастағы спортшы өз мотоциклімен басқа біреудікіне соққан. 

Русланның анасы Тамара Исаеваның айтуынша, Индонезияға ол 30 шілдеде ұшып кеткен, кейін оның артынан достары баратын болды.

Жол апаты жөнінде оның танысы Николай Кан толығырақ айтып берді. Оның мәліметінше, қазақстандық спортшының бас сүйегі сынған, миына қан құйылған, қазір Руслан Бали аралының орталық ауруханасында жатыр. Оның жағдайы тым ауыр. Оған құны 90 мың доллар болатын операция жасалуы керек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети