18 наурыз 2019 16:44

Балқаш әкімі "еріген" жолдар үшін тұрғындардан кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Балқаш қаласының әкімі Александр Аглиулин өткен жылы жөндеуден өткен орталық көшенің асфальті "еріп" кеткені үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Балқаш қаласының әкімі Александр Аглиулин өткен жылы жөндеуден өткен орталық көшенің асфальті "еріп" кеткені үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желіде қала тұрғындары Балқаш қаласының орталық көшесін сынға алып, қармен бірге "асфальт" еріп кеткенін жазған еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Асфальт растаял со сн­егом на центральной у­лице в Балхаше - Центральная дорога по­крылась ямами и колдо­бинами. "Эту дорогу отремонти­ровали в прошлом году­. Был капитальный рем­онт дороги протяженно­стью 3,2 километра", ­- рассказали автовлад­ельцы. - "Вот так у нас работа­ют подрядные фирмы. М­ы из открытых официал­ьных источников знаем­, что эта же фирма в ­этом году выиграла оч­ередной тендер на рем­онт еще нескольких до­рог. Мы с ужасом ждем­, что натворят рабочи­е этой дорожной фирмы­ с другими дорогами. ­Почему акимат позволя­ет компаниям творить ­такое безобразие?" - ­возмущены автовладель­цы. @patriotkaragandy

Публикация от Патриот Караганды (@patriotkaragandy)

Қала әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, орталық Ленин көшесін жөндеуге 574 миллион 560 мың теңге бөлінген. Жоба бойынша көшеде жарық орнатылып, тротуарлар мен автомобиль жолдары салынып, жол белгілері және арнайы сызықтар түсуі керек болған. 

"Ашық байқаудың қорытындысы бойынша мердігер ұйым болып "Асмир строй сервис" ЖШС анықталды. Жұмыстар 2018 жылдың 1 сәуірінде басталды. Бүгінде 485 миллион 351 мың теңгеге орындалған жұмыстардың аралық актілеріне қол қойылды. Жоспарланған жұмыстардың бір бөлігі нақты орындалды. 2018 жылдың 30 қазанында Ленин көшесі бойынша орындалған жұмыстардың сапасын тексеру мақсатында зертханалық сынамалар алынды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сынақ нәтижесі бойынша тапсырыс беруші орындалған жұмыстардың сапасына қанағаттанбай, Қарағанды облысының ауданаралық экономикалық сотына мердігерлік ұйымды жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізу туралы талап арызбен жүгінді.

"Балқаш қаласы әкімдігінің атынан қала тұрғындарына қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Қазіргі уақытта біздің өтініш қарастырылып жатыр. Сараптама тағайындалды, оның нәтижелері туралы қосымша хабарлаймыз", - деді Балқаш қаласы әкімдігінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети