09 қараша 2017 12:39

Bank RBK салымшылары ақшасын қашан қайтарып алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк төрағасы міндетін атқарушы Олег Смоляков Bank RBK салымшыларының қашан ақшаларын қайтара алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық банк төрағасы міндетін атқарушы Олег Смоляков Bank RBK салымшыларының қашан ақшаларын қайтара алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Смоляков бұл туралы ҚР Парламенті Сенатында депутаттардың отырысынан тыс кезде айтып берді.

"Bank RBK жайлы, Ұлттық банкпен жасалған шектелмелі келісім акционерлердің қаражатты біртіндеп құятынын білдіреді. Содан бірнеше транштың есебінен біз тәртіптелген несиеге қаражат бере бастаймыз. Бұл процестер осы жылдың соңына дейін аяқталуы керек", - деді Олег Смоляков журналистерге.

Сондай-ақ, ол банктің жеке тұлғалар үшін ақша шешу кезіндегі шектеуді біртіндеп алып тастайтындарын айтты.

"Банк өзі мәлімдегендей, бастапқыда әлеуметтік жағынан осал төлемдер өтеледі - олар студенттер, жалақы алушылар, ал кейінірек депозитке ақша салғандар", - деді Смоляков осы жұмыстардың барлығы жыл соңына дейін аяқталуы керек екенін болжай отырып.

"Иә, біз осылай ойлап отырмыз. Себебі екі-үш күнде ақша ағыны жүре бастайды. Дәл осы кезде біз банктің жұмысын толықтай тұрақтандыра аламыз", - деді Ұлттық банк төрағасы міндетін атқарушы Олег Смоляков.

Еске сала кетейік, осыған дейін қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Bank RBK жағдайына қатысты пікір білдірген болатын. "Ұлттық банкпен жұмыс жүргізіліп жатыр. Үкіметтегілер біздің барлық мемлекеттік сыңайлы секторлармен біріге отырып, проблемалық мәселелерді шешіп жатыр. Қазіргі уақытта қандай да бір нәтиже жайлы айтуға әлі ерте", - деген еді министр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети