29 мамыр 2019 10:05

Барахолка саудагерлері автотұрақтың қымбаттағанына наразылық білдіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty.tv © almaty.tv

Алматыдағы барахолка базарындағы автотұрақ қымбаттап кетті. Бұл туралы жергілікті саудагерлер айтып отыр, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 


Алматыдағы барахолка базарындағы автотұрақ қымбаттап кетті. Бұл туралы жергілікті саудагерлер айтып отыр, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Саудагерлердің айтуынша, автотұрақтың құны 40 пайызға дейін қымбаттаған.

"Менің атым - Салтанат, "Ялян" базарына тауарға келемін, әрі кетсе жарты сағат тұрады көлігім, бірақ сонын өзінде 300 теңге төлеуге мәжбүрмін", - дейді базарға келушілердің бірі.

Ал екінші бір тұрғын мұндағы басты проблемалардың бірі паркоматтардың ақшаны дұрыс қабылдамайтынын айтады. Айтуынша, ол тек 500 теңгелік пен темір монеталарды қабылдайтын көрінеді. Ал көбіне қалтада ұсақ ақша болмай, оны іздеп жүріп те, уақыт кетеді және үнемі бұл жерде көлік тығыны болады дейді.

"Егер таңнан кешке дейін тұрсаңыз, мұнда 900 теңге төлеуің керек. Мұнымен күресуге де күшіміз қалмай барады. Сондықтан, Жетісу ауданының әкіміне осы автотұрақтардың құнын барынша арзандатса деп арызданғымыз келеді. Мынадай төлеммен базар аралап та жарытпайсың", - дейді базарға келуші.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети