19 қыркүйек 2016 18:14

Бәрін бүлдіру үшін тіпті 10 қарудың өзі жеткілікті - ҚР ІІМ басшысының орынбасары

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gostinaia.ru © gostinaia.ru

ҚР Парламенті төменгі палатасының депутаттары "ҚР терроризммен және экстремизммен күрес мәселесі бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңнаманы" талқылауды жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Парламенті төменгі палатасының депутаттары "ҚР терроризммен және экстремизммен күрес мәселесі бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңнаманы" талқылауды жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заңнаманы құрастырушалар иір ойықты қару мен басқа да азаматтық қаруларға қайтадан шектеу қоюды ұсынып отыр. Сонымен қатар, олар осы заңнамаға неліктен өзгертулер енгізуді ұсынғанын түсіндірді.

"Яғни, әңгіме екі иір ойықты және екі аң аулайтын тегіс ұңғылы қару туралы болып тұр. Біз депутаттардың өзгертулерді түсінуі үшін осы қаруларды қолдануға шектеу қою туралы ұсынысты тағы да қайталап айтамыз. Біз бүгінде Қазақстандағы терроризмен кездесіп отырмыз", - деді ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов.

Сондай-ақ, ол азаматтар үйінде бірнеше қаруды сақтаған жағдайда не болуы мүмкін екенін де айтып өтті.

ҚР ішкі істер министрінің орынбасары ресми мәліметтерді де мысал ретінде келтірді: Қазақстандағы 231 мың адамның қолында 265 мың дана қару бар. "Бұл дегеніміз 35 мың адамда кем дегенде екі дана қару бар деген сөз. Біз адамдардың қару сатып алуына қарсы емеспіз. Бірақ сіздер оның қажеттілігін айтсаңыз - неге бір адамның өзінде екі қару емес, бес қарудан болуы тиіс? (...) Түсінемін, аңшылықтың түр-түрі бар. Бірақ сіздерден өтінетінім, адам біріншіден аңшылықтың қай түрімен айналысқысы келетін анықтап алсын", - деді министрдің орынбасары.

"Егер де Қазақстанда терроризм деген құбылыс байқалмағанда, біз мұндай шектеулерді қоймас та едік. Бәрін бүлдіру үшін тіпті 10 қарудың өзі жеткілікті. Біздің болжамымызға қарағанда, болашақта мемлекет заңсыз қаруды иелену мүмкіндігіне де шектеу қоюы керек. Біз адамдардың қару иелену құқына шектеу қойып отырған жоқпыз", - деп қорытындылады сөзін министрдің орынбасары.

Айта кетейік, қыркүйек айының басында Мәжіліс депутаттары терроризммен және экстремизммен күрес мәселесі бойынша заңнамалық актілердің жұмысына кіріскен болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети