19 тамыз 2014 20:40

Баррозу "еуразиялық үштік" пен Украинаның кездесуін өткізуді қолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жозе Мануэл Баррозу. ©zn.ua Жозе Мануэл Баррозу. ©zn.ua

Еуропалық комиссияның төрағасы Жозе Мануэл Баррозу Қазақстанның Минскіде Украина, Кеден одағы және Еуропалық одақ елдері кездесуін өткізу туралы ұсынысын қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтына сілтеме жасап.


Еуропалық комиссияның төрағасы Жозе Мануэл Баррозу Қазақстанның Минскіде Украина, Кеден одағы және Еуропалық одақ елдері кездесуін өткізу туралы ұсынысын қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент Еуропалық комиссияның Төрағасы Ж.М.Баррозумен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Қазақстан мен Еуропа қарым-қатынасының қазіргі ахуалы мен келешегі талқыланды. Сонымен қатар Украинадағы ахуалдың өрбуіне арнайы назар аударылды.

"Еурокомиссия төрағасы Баррозу биылғы 26 тамызда Минскіде Кеден одағы елдері, Украина және Еуропалық одақ кездесуін өткізу туралы Қазақстанның ұсынысын қолдады. Қажет болған жағдайда сондай кездесуді Астанада өткізу туралы уағдаластық жасалды", - делінген сайтта.

Сондай-ақ Назарбаев пен Баррозу кезекті форумы биыл қазан айында Миланда өтетін "Азия-Еуропа" (АСЕМ) үдерісіне Қазақстанның қатысу перспективасын талқылады. Телефон арқылы сөйлесу еуропалық тараптың бастамасымен жүзеге асты.

Еске сала кетейік, жуырда Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы ахуал мен сол елдегі дағдарыстан шығудың мүмкіндіктерін талқылады. Мемлекет басшысы бұл мәселені талқылау үшін Беларусь президенті Александр Лукашенкомен де телефон арқылы әңгімелесті. Қазақстан мен Беларусь басшылары Ресей мен басқа елдердің және халықаралық ұйымдардың Украинадағы жанжал аймағындағы бейбіт тұрғындарға көмек көрсету жөніндегі қадамдарына қолдау білдірді. Назарбаев сонымен қатар Украинадағы ахуал жайын Финляндия президенті Саули Ниинистемен де талқылаған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети