09 шілде 2019 | 12:35

Бас дәрігерлер халыққа жақын болуға асығар емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мектеп директорлары шыныдан жасалған кабинеттерге көшкенімен, бас дәрігерлер жұмысты баяу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"


Иконка комментария блок соц сети

Мектеп директорлары шыныдан жасалған кабинеттерге көшкенімен, бас дәрігерлер жұмысты баяу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"

"Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі алты айды қорытындылады. Қазіргі уақытта мектеп директорларының 70 пайызы бірінші қабатқа түсіп, әйнектен жасалған кабинетке көшкен. Кезек дәрігерлерге келгенімен, олар өздерінің жайлы орнын ауыстыруға дайын емес.

"Денсаулық сақтау саласында жұмыс баяу жүріп жатыр. Тек қаланың №2 емханасы мен облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері бірінші қабаттардағы ашық кабинеттерге көшті. Қазір алдымызда басқа да ведомстволарға қарасты ұйымдар, соның ішінде колледждер, емханалар, ауруханалар басшыларының қызметтік кабинеттерін ауыстыру жұмыстары тұр", - деді "Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Мұхтарита Сағындықова.

Айта кетейік, Алға, Шалқар, Мәртөк, Темір аудандары, Ақтөбе қаласының Алматы аудан әкімдері OPEN SPACE принципімен ашық кабинеттерге қоныстанды. Тұрғындарды қабылдау сол кабинетте өтеді. Ақтөбе қаласында ашылған "Халықтық кеңсе" жобасы Шалқар ауданында ашылды. Енді Алға және Ырғыз аудандарында ашылуы 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети