13 қазан 2017 17:44

Бас мүфти әл-ауқаты төмен отбасыға үйдің кілтін табыс етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚМДБ баспасөз қызметі © ҚМДБ баспасөз қызметі

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы әл-ауқаты төмен отбасыға үйдің кілтін табыс етті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы әл-ауқаты төмен отбасыға үйдің кілтін табыс етті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Діни басқарма қоғаммен тығыз байланыста жұмыс жасаудың негізгі төрт бағытына басымдық береді. Соның ішінде Бас мүфтидің тапсырмасымен атқарылып жатқан жұмыстардың бірі - қайырымдылық. Бұл игі шараға еліміздің әр өңіріндегі мешіттер атсалысуда.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы 2 бөлмелі жертөледе тұрып, күн көріп жүрген отбасыға жаңа үйдің кілтін табыстап, жағдайларымен танысып, тұмысқа қажетті тоңазытқыш, газ қазандығын, кір жуғыш машинасын сый ретінде табыстады.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ауыл тұрғындарының алдында сөз сөйлеп, осындай қайырымдылық шараға атсалысқан имамдарға алғысын білдірді. 

"Бұл игі жұмыс "Зекет" қоры мен Алматы облысы өкілдігінің бастамасымен жүзеге асты. Құрылыс жұмыстары Рамазан айында басталып, төрт айдың ішінде толық аяқталды. Үйдің жылуы, су құбыры қамтамасыз етілген. Қиналған отбасыларға қол ұшын созып, көмек көрсету әр адамның борышы. Дініміздегі қайырлы амалдың бірі осы қайырымдылық. Қайырымдылық жасаған адам ешқашан жаман болмайды "қолы ашықтың - жолы ашық", - дейді. Алланың берген ризығынан аз да болса бір бөлігін Алла Тағаланың разылығы үшін қайырлы істерге жұмсасақ, қоғамға тиер пайдасы мол. Осы іске атсалысқан азаматтарға алғыс айтамын" деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Жаңа қоныстың иесі болған отбасы қуанышын жасыра алмады. Айсара Қыдырниязова Өзбекстаннан көшіп келіп, он алты жылдан бері пәтер жалдап, кейін екі бөлмелі жертөледе тұрып келіпті. Үй салу оның орындалмас арманындай болып кеткен. 

"Жолдасым төрт жылдан бері сырқаттанып, жұмысқа жарамай қалды. Жағдайымыз қиындап кетті. Бес балам бар. Ауыл имамы көмектесіп тұрды. Соңғы рет келгенде үйіміз болса деп ұсыныс жасадық. Енді міне өзіміздің үйіміз бар. Жаңа үйге кіріп қуанып жатырмыз. Балалардың мектепке дайындығынада имамдар көмектесіп жатыр. Киім, оқу құралдарымен қамтамасыз етіп, көмектесті. Осы іске бастама болған Бас мүфтиге, Алматы облысының өкіліне, ауыл имамдарына алғыс айтамын", - деді Сайра Қыдырғалиева.

Еске салайық, Діни басқарманың жанындағы "Зекет" қоры мен имамдар Алматы облысы, Жалғамыс елді-мекенінде өмірдің тауқыметін тартқан көпбалалы отбасыға жұмыла көтеріп, үй салып берген болатын. Көпбалалы отбасының отағасы ауыр сырқаттың салдарынан екінші топтағы мүгедек. Балалары мектеп жасындағы оқушылар. Ең үлкені он екіде. 

Сонымен қатар осыдан бір жыл бұрын Бас мүфти Алматы облысында пәтер жалдап тұратын 8 балалы отбасыға баспана сыйлаған еді. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети