15 маусым 2015 15:48

Бас мүфти қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеу жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! Құрметті қауым! Баршаңызды аса ұлық қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтаймын. Рамазан мүбәрәк болғай! Оразаға аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын!", - дейді Бас мүфти.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл да Рамазан айын үлкен дайындықпен өткізбекші. Еліміз бойынша мешіттер мен медреселерде, діни оқу орындарында, қоғамдық орталарда қайырымдылық акциялар мен игі жобалар ұйымдастырылады. 

"(...) Рамазан - қайырымды жандар үшін үлкен мүмкіндік. Оразада жасалған Жаратушы Иемізге ұнамды әрбір қайырлы іс - үлкен сауап. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір өсиетінде: "Адамдардың жақсысы - елге пайдасы тигендері", - деген. Адам қалай ниет етсе, сол мақсатына жетеді. Қымбатты отандастар! Рамазан айында жасаған амалдарымыз бен ізгі ниеттерімізді Алла Тағала қабыл етіп, сауапты істеріміз әрдайым жалғаса бергей! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің болашағы баянды болғай! Әумин!", - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети