21 мамыр 2016 14:09

Бас прокуратура Алматы мен Астанада адамдардың жаппай ұсталуы бойынша түсінік береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Владимир Прокопенко © Владимир Прокопенко

Бас прокуратура бүгін, 21 мамыр күні Қазақстанның өңірлерінде адамдардың ұсталуына қатысты түсінік береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бас прокуратура бүгін, 21 мамыр күні Қазақстанның өңірлерінде адамдардың ұсталуына қатысты түсінік береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін болған жағдайға қатысты әзірше ештеңе айта алмаймын. Себебі бүгін комиссия отырысында болдым. Бүгін міндетті түрде бұл жөнінде түсінік береміз. Білуімше, барлығы журналистердің ұсталуына алаңдаған сияқты", - деді Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысынан кейін.

Айта кетейік, бүгін, 21 мамырда Қазақстанның кейбір өңірлерінде азаматтар ұсталып жатыр. Бұл жөнінде полиция әзірше пікір білдірген жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның Бас прокуроры Жақып Асанов заңсыз митинг өткізудің жауапкершілігі жөнінде тағы бір ескерту жасаған болатын. "Прокуратура туралы" заңның 25-бабының 2-бөлігін негізге ала отырып, заңсыз митинг ұйымдастырып, азаматтарды оған қатысуға шақыру, сонымен қатар, оған қатысу әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертемін. Құқық қорғау органдары кез келген заңбұзушылықтың алдын алуға және заң аясында қарастырылған шараларды қабылдауға міндетті", - деді Асанов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети