03 қараша 2014 16:45

Бас прокуратура автокөліктер тұрағын шектеуден бас тартуды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

ҚР Бас прокуратурасы Үкіметтен "Жол қозғалысы туралы" заңның автокөліктерді елді мекен көшелері мен жолдарында арнайы белгіленгеннен басқа жерлерге қойып кетуге тыйым салатын нормасын алып тастау немесе өзгерту жөнінде шаралар қабылдауды сұрады, - деп хабарлады "ОСА" қозғалысының ресми сайты.


ҚР Бас прокуратурасы Үкіметтен "Жол қозғалысы туралы" заңның автокөліктерді елді мекен көшелері мен жолдарында арнайы белгіленгеннен басқа жерлерге қойып кетуге тыйым салатын нормасын алып тастау немесе өзгерту жөнінде шаралар қабылдауды сұрады, - деп хабарлады "ОСА" қозғалысының ресми сайты.

Қадағалау ведомствосы бұл туралы қоғамдық ұйым белсенділерінің "Жол қозғалысы туралы" жаңа заңның 54-бабының 4-тармағының 22-тармақшасындағы нормаға қарсылық келтіруді сұраған хатына қайтарған жауабында жазады. Аталған тармақшада автокөліктерді елді мекендердің көшелері мен жолдарының арнайы белгіленгеннен басқа жерлеріне қойып кетуге тыйым салынатыны көрсетілген. Бас прокуратура өкілдері қоғамдық ұйым мүшелерінің дәйегін қолдап отыр. "Тиісті жол инфрақұрылымының болмауы бұл тыйымды қолдануды қиындататыны туралы сіздер келтірген дәйектер негізді деп есептеледі. Бірақ автокөліктерді көше-жолдарға қойып кетуді шектеу Қазақстан Республикасының Конституциясы талаптарын бұзбайтындықтан, прокуратура органдары аталған норманы алып тастауға қарсылық келтіре алмайды. Дегенмен ахуалды түсіндіру мақсатында Бас прокуратура Қазақстан Республикасы Үкіметіне ішкі істер және әділет министрліктеріне заңның 54-бабының 4-тармағының 22-тармақшасын алып тастау немесе өзгерту мәселесін қысқа мерзім ішінде қарастыруды тапсыруды сұрап хат жолдады", - делінген "ОСА" қозғалысының сайтында жарияланған хатта. 

"ОСА" қозғалысының өкілі Руслан Лазута Бас прокуратураның жауапты 31 қазан күні қайтарғанын айтты. Айта кетейік, қабылданған жаңа заңның автокөліктер тұрағына тыйым салу туралы нормасы көлік иелерінің айтарлықтай наразылығын туғызды. ҚР ІІМ жағдайдың бұрынғысынша қала беретінін, бірақ норманы орындау тетіктерінің мемлекеттік органдармен ойластырылатынын мәлімдеді. Мәжіліс депутаты Рамазан Сәрпеков автокөліктер тұрағына тыйым салатын норманың күшіне енуі керектігін және оны полицейлердің орындамауына жол берілмеуі керектігін айтты. 

"Белгілі бір мерзімге үзіліс бере алады, жазаламай тұра тұрайық деуі мүмкін. Бірақ үнемі ескертумен шектелу селқостыққа әкеліп соғады. Адамдардың еті үйреніп кетеді де, ереже бұза беретін болады. Қазір тығырықтан шығар бір жол бар, меніңше, барлық облыста инфрақұрылым бұл заңға сәйкес жасалмайынша, норманың орындалуын қадағалауды бір-екі жылға шегере тұру керек. Заңның өзін алып тастамай, орындалу мерзімін ғана кейінге қалдыру керек. Мұндай өтпелі жағдай аталатын кездер болады. Мен сондай ұсыныс келтірдім", - деді депутат.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети