03 ақпан 2018 11:19

Бас прокуратура мамандары Алматы прокурорының қызметінен босатылуына қатысты пікір айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© prokuror.gov.kz © prokuror.gov.kz

ҚР Бас прокуратурасының мамандары Алматы прокурорының не себепті қызметінен кеткенін ашып айтпады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Бас прокуратурасының мамандары Алматы прокурорының не себепті қызметінен кеткенін ашып айтпады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бас прокурордың бұйрығымен Ғ.Т.Миразов, Ә.А.Қожахметов және Д.Н.Сыздықов қызметтік тергеу нәтижелері бойынша қызметтерінен босатылды, ол материалдар "Қызметтік қолданыс үшін" деп белгіленген, алуға шектеуі бар құжаттарға жатқызылды. Осыған байланысты, "БАҚ туралы" заңның 18-1 бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, нақты мәліметтің берілуінен бас тартылады", - деп жауап берді ҚР Бас прокуратурасының мамандары Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына.

"Сонымен қатар, Ғ.Т.Миразов, А.А.Қожахметов және Д.Н.Сыздықовтың прокуратура органдарындағы бұдан кейінгі қызмет өтілдерінің ҚР "Құқыққорғау қызметі туралы" заңының 46-1 бабына сәйкес қаралатынын хабарлаймыз", - деп мәлімдеді Бас прокуратураның мамандары.

Еске сала кетейік, 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен тәртіптік теріс қылығы үшін Алматы қаласы прокуроры Ғабит Миразов лауазымынан босатылған болатын.

Сондай-ақ, қадағалау қызметін лайықты ұйымдастырмағаны, қылмыстық процесте жүйелі бұзушылықтарға жол бергені және сотта мемлекет мүддесін тиімсіз өкілдік еткені үшін Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары Данияр Сыздықов пен Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Әбіл Қожахметов те атқарған қызметтерінен босатылған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети