Бас прокуратура саяжай жерлерін тартып алу шараларын тексеріп шықты

10 Шілде 2014, 16:49
0
Бас прокуратура саяжай жерлерін тартып алу шараларын тексеріп шықты - ©uralvoice.com
©uralvoice.com

Бас прокуратура Астанадағы саяжайларға тиесілі жер уческелерін мемлекет меншігіне қайтару шараларын заңды деп тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz қадағалау органының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ресми ақпаратқа сәйкес, Бас прокуратура Астанадағы саяжай жерлерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша бірқатар азаматтардың арыз-шағымдарын қарап шықты. Тексерістің нәтижесінде қала әкімдігінің әрекеті заң талаптарына сай деп танылды. Себебі ол жер телімдері мемлекеттік маңызы бар нысандар мен жолдары салу үшін мемлекет меншігіне қайтарылды.  

Бас прокуратураның хабарлауынша, саяжай иелері өз жерлері үшін өтемақы көлемін 26 миллион теңгеге дейін көбейтуді немесе 2-3 бөлмелі пәтерлерді беруді талап еткен. Олар сол жерлердің әрбіреуін 440 мың - 1,5 миллион теңгеге сатып алған. Өтемақы бойынша бір келісімге келе алмағаннан кейін қала әкімдігі сотқа жүгініп, жер телімдерін мемлекет меншігіне күштеп қайтаруды сұрады. Сот бұл өтінішті қолдап, әрбір саяжай иесіне 3,3-6,7 миллион көлемінде өтемақы төлеу туралы шешім шығарды. 

Соңғы ақпаратқа сәйкес, өткен төрт жылдың ішінде Астанада 2 мыңнан астам жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Соның ішінде шамамен 98 пайызы ақшаға сатып алынды. Қалған 2 пайызы бойынша басқа жерден соған сай учаске берілді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай