21 наурыз 2016 13:53

Бас прокуратура сайлау кезінде болған келеңсіздіктер жайында мағлұматты жария етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Бас прокуратурасы сайлау учаскелерінде түсіріліп, әлеуметтік желіге таратылған бірнеше видеоны тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Бас прокуратурасы сайлау учаскелерінде түсіріліп, әлеуметтік желіге таратылған бірнеше видеоны тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Дауыс беру күні прокуратура органдарына 21 өтініш түсті, олардың 16-сы құзыреті бойынша сайлау комиссияларына және ішкі істер органдарына жолданды. Соның ішінде бесеуі тексерістер жүргізу арқылы прокурорлардың өздерімен қаралды", - делінген хабарламада.

Прокуратура органдарында бюллетендерді үшінші тұлғаға заңсыз беру деректері бойынша келіп түскен арыздар қаралды. "Мысалы, Көкшетау қаласының №22 сайлау учаскесі бойынша комиссиямен сайлаушы Жетпісбаев үшін бюллетень заңсыз үшінші тұлғаларға берілгендігі туралы шағым түсті. Тізімде жанында орналасқан басқа сайлаушы (Жетеев) дауыс беру барысында көзінің нашар көруіне орай Жетпіспаевтың фамилиясының тұсына қате қол қойғаны анықталды. Тексеріс нәтижесі бойынша Жетпіспаевқа дауыс беру мүмкіндігі берілді, яғни, оның сайлау құқығы бұзылған жоқ", - дейді Бас прокуратурадағылар.

Сонымен қатар, Бас прокуратура Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Сайлау алдындағы штабы өтінішіне бейнежазбаны тіркей отырып, Алматы қаласының №535 учаскесінде сайлаушылардың бірінің бүкіл отбасы үшін заңсыз дауыс бергені туралы мәлімдеді.

"Бұл бейнежазба бюллетеньдерді жаппай тастау фактілері бар екендігінің дәлелі ретінде Интернет желісінде таратылғанын атап өту қажет. Тексеріспен жоғарыда көрсетілген тұлғаның (Розиев) жеке басы анықталды, ол өзінің отбасы мүшелерімен сайлау учаскесінде болғанын, олардың әрқайсысы бюллетеньдерді алғанын және дауыс беру кабиналарында жеке-жеке толтырғанын, ол тек бүктелген бюллетеньдерді барлық отбасы мүшелері үшін жәшіктерге салғанын көрсетті. Розиевтің айғағы учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерімен, сондай-ақ сайлаушылар тізіміндегі оның отбасы мүшелерінің қойған қолдарымен расталды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ведомсвто мамандарының мәлімдеуінше, жалпы, электоралдық науқан сияқты, дауыс беру күні де тыныш жағдайда өтті. Азаматтардың сайлау құқықтарының бұзылуы немесе басқа елеулі құқыққа қарсы әрекеттер тіркелген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети