1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Бас прокуратура WhatsApp арқылы парақорлық жайлы тарап жатқан хабарламаны жоққа шығарды 16 наурыз 2017, 19:39

WhatsApp арқылы прокуратура қызметкерлерінің арасында өршіп тұрған парақорлықты тоқтатуды сұраған Талғар АІІБ басшысының орынбасары бұған қатысы жоғын айтады.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Тengrinews.kz иллюстрациясы Тengrinews.kz иллюстрациясы

Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрділдә Ораз WhatsApp арқылы прокуратура қызметкерлерінің арасында өршіп тұрған парақорлықты тоқтатуды сұраған құжаттарға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бұл жалған! Бас прокуратура осы іс бойынша тексеру жүргізді. Талғар АІІБ басшысының орынбасары М. Дүйсенбай ешқашан мұндай өтініш жазбағанын айтады, онда жазылған деректер шындыққа жанаспайды, онда қойылған қолтаңба онікі емес, сонымен қатар оның фамилиясы қате жазылған. Ол 15 ақпанда денсаулығына байланысты жұмысқа шықпағанын айтады. Соған қарамастан Бас прокуратура тексеру жұмыстарын бастап кетті, Талғар АІІБ және прокуратура қызметкерлерінен сұрау алынып жатыр", - деді Нұрділдә Ораз.



Join Telegram