09 желтоқсан 2016 11:26

Бас прокурор рэкеттер сайран құрған кездерді еске алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақып Асанов Жақып Асанов

ҚР Парламентінің жоғары палата депутаттары "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңды талқылау барысында Жақып Асанов Сенат депутаттарының сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Парламентінің жоғары палата депутаттары "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңды талқылау барысында Жақып Асанов Сенат депутаттарының сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокурор депутаттарға қазақстандықтардың 90-жылдары қандай қиын жағдайларды бастан кешкендерін еске салды. Жақып Асанов жұмыссыздық, шектен тыс инфляция жайлы айтып өтті. Оның айтуынша, 90-жылдары рэкеттер пайда болып, адамдарды тапсырыспен өлтірген кездер болған.

"Егер де естеріңізде болса, 1992 жылы Литвадан келген екі киллер үш мың доллар үшін "Карметкомбинаттың" басшысын атып кеткен болатын. Балқашта Ламака есімді бақылаушыны, Алматыда Мильграмды өлтіріп кетті. Қызылорда мен Алматыда түрмеден қашып шыққан адамдарды кепілге алатын. Біреулерді түрлі себептермен өлтіріп жатты. Мысалы, есірткі үшін, қару үшін, адамдар үшін, ұшақтарды тонап жатты", - деп еске түсірді Жақып Асанов.

Сондай-ақ, Бас прокурор сол кездері Мемлекет басшысының құқық қорғау органдарының қызметін өз қолына алғанын айтты. "Құқық қорғау органдарының қызметін күнделікті бақылап, өз қолына алды. Нәтижесінде жағдай жақсарды", - деді Жақып Асанов.

Еске сала кетейік, бүгін ҚР Парламентінің жоғары палаты Рақымшылық жасау туралы заңды қабылдады. Құжат Қазақстан Президентіне жолданды. Сенат қабылдаған бұл құжатта заң бұзған 28 мың қазақстандыққа рақымшылық жасалу қарастырылған. Мұндай санды Бас прокуратураның өкілдері айтты. Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркельдің айтуынша, түрмеде жазасын өтеп жатқан шамамен 1800 сотталушыға рақымшылық жасалады. Сондай-ақ, 5000 сотталушының жазасын өтеу уақыты қысқартылатыны айтылады. Айта кетейік, осыған дейін Бас прокурор рақымшылықтан кімдердің бас тартуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети