14 маусым 2017 08:52

Басшысы аяқасты тұтқындалған зауыт қызметкерлері ұстауға не себеп болуы мүмкін екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұратхан Тоқмәди. © camonitor.kz Мұратхан Тоқмәди. © camonitor.kz

Алматыда ұсталған белгілі бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің зауыты жұмысын жалғастырып жатыр. Дегенмен, шыны өндіріп отырған еліміздегі ең ірі кәсіпорынның қызметкерлері алаңдаулы. Қожайындарының қарақшы деп айыпталып жатқанын кеше аяқасты естіген олар, мұны табысы қыруар зауытқа қызыққандардың әрекеті ме деп күдіктеніп отыр. Елге белгілі кәсіпкерді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағы кеше үйінен кісендеп әкеткен болатын. Тек талай жылдардан бері қылмыстық топқа жетекшілік етті деп айыпталған Мұратхан Тоқмәдиге қатысты әзірге нақты ақпараттар айтылмай отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Тілшілер зауыт қызметкерлерінің арнайы операциядан кейін абыржып қалғанын айтады. Ал зауытқа қазір Мұратхан Тоқмәдидің орынбасары уақытша басшы боп отыр. Қауіпсіздік қызметінің бастығы болса, кешеден бері түс көргендей жүр. Айтуынша, шыны зауытына бұрыннан бері талай кәсіпкер қызығып жүріпті. Кешегі тұтқындауға солардың қатысы барына ол сенімді.    

"Зауытқа қызығады ғой. Жұмыс істеп жатыр, ақша әкеліп жатыр. Біреуге ұнады. Алғысы келді. Алады. Бізде сол ғой Қазақстанда, кез-келген дүниені тартып алады", - дейді "ҚазСтройСтекло" зауыты қауіпсіздік бөлімінің бастығы Серік Бөрібаев.

"ҚазСтройСтекло" компаниясының Астанадағы филиалы да жұмыс істеп тұр. Десе де, кешегі тұтқындау мұндағы саудаға кесірін тигізген екен. Тоқмадидің басқа кәсіпкерлерден ақша бопсалағанын естіген кейбір тапсырыс берушілер тауардан бас тартып, теріс айналыпты.

"Бізді бәрі қарақшы деп айтып жатыр. Әрине, мұндай ауыр сөздер жұмысқа кесірін тигізеді. Сондықтан, Мұратхан Тоқмәдидің кінәсі дәлелденбей жатып, сырт адамдар біз туралы олай айтпаса екен", - дейді "ҚазСтройСтекло" компаниясы Астана филиалының директоры Людмила Шепелева.

Ал Тоқмәдидің тұтқындалуы бойынша әзірге бірде-бір құзырлы орган жақ ашпай отыр. Дегенмен, кәсіпкер Алматыда бизнесін дөңгелетіп отырған басқа әріптестеріне қырғидай тиіскен деген мәлімет бар. Солардан ақша бопсалап, қарсылық білдіргендерін ұрып-соққан көрінеді. 

Еске салайық, белгілі кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиді Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің арнайы жасағы үйінен тұтқындап әкеткен болатын. 50 жастағы бизнесмен "Депутаттық корпус" атты қылмыстық топқа жетекшілік еткен делінеді. Құрығы ұзын қылмыстық топтың сойылын соғатындар билікте де көп көрінеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети