15 қаңтар 2020 12:49

Бастықтар қызметтен қызметке шегірткедей секіріп жүр - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары мемлекеттік аппарат құрылымында 500-ден аса өзгерістер болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары мемлекеттік аппарат құрылымында 500-ден аса өзгерістер болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Тұрақты қайта құру шаралары мамандардың жылыстауына ықпал етті, соның салдарынан сабақтастық болмады, бұл мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне теріс әсер берді. Мемлекеттік аппарат үшін институционалдық есте сақтау -  өте маңызды. Егер бөлімшелер мен ведомстволардың басшылары бір лауазымнан екіншісіне шегірткедей секіріп жүрсе, қандай есте сақтау туралы әңгіме болуы мүмкін? Бір жыл жұмыс істеді, басқа лауазымды талап етеді немесе осы министрлікте не басқа министрлікте", - деді Тоқаев Президенттік Жастар кадрлық резерві мүшелерімен кездесуде.

Осыған дейін, елімізде мембасқарудың жаңа моделі қажет дей келе, Президент шенеуніктердің халық алдында ашық болуы керектігін айтты. 

"Мен мемлекеттік қызметкерлер - халықтың бір бөлігі, халық үшін және халық арасында жұмыс істейді деп қайталаудан шаршамаймын. Бұл қызыл сөз үшін емес. Мұның бәрін жүзеге асырып, өміршең ету керек. Мемқызметкерлердің қызметіне түпкілікті бағаны азаматтар беруі тиіс деп ойлаймын, бұл туралы мен Жолдауда айттым. Ендігі мәселе, оған қалай келуге болады. Өздеріңіз білесіздер, ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аясында мемлекеттік басқару жүйесінде азаматтық қоғамның рөлін күшейту жөніндегі реформалар пакеті бастама көтерді. Бұл жұмыс, әрине, жалғасатын болады", - деді Мемлекет басшысы.

Командамен ауысу проблемасы әлі де бар - Президент

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети