28 ақпан 2014 17:25

Басым бағытқа ие мемлекеттік бағдарламалар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерболат Досаев. ©Мансұр Хамит Ерболат Досаев. ©Мансұр Хамит

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі ең қажетті мемлекеттік бағдарламаларды анықтады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство басшысы Ерболат Досаевқа сілтеме жасап. "Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында мемлекеттік және салалық бағдарламаларға ревизия жүргізілді, барлығы 46, оның ішінде, бес мемлекеттік және 41 салалық бағдарламаны қамтыды. Ведомствоішілік сипаты бар бағдарламалар Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарына біріктірілді. Соның нәтижесінде 32 салалық бағдарлама мен бес тұжырымдаманы оңтайландыру ұсынылды", - деді Досаев министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде. Министрдің айтуынша, экономиканың тұрақты өсіміне, еңбекпен қамтуға, экономиканы жаңартуға ықпал ететін және стратегиялық маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған бағдарламалар басымдықпен қаржыландырылатын болады, олар, атап айтқанда, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы , "Агробизнес - 2020", "Қолжетімді баспана - 2020", Тұрғын үй құрылысы - коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, "Ақбұлақ", Моноқалаларды дамыту, Аймақтарды дамыту, "Бизнестің жол картасы - 2020", "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламалары. "Бағдарламаларды оңтайландыру және оларды іске асыру тетіктері мен құралдарының сапасын жақсарту туралы ұсыныс Әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мақұлданды", - деп атап өтті Досаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети