29 сәуір 2015 13:29

Батырхан Шүкеновпен қоштасу рәсімі бүгін Мәскеуде өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батырхан Шүкенов. ©Айжан Түгелбаева Батырхан Шүкенов. ©Айжан Түгелбаева

Әнші Батырхан Шүкеновпен қоштасу рәсімі бүгін Астана уақыты бойынша 14.00-де Мәскеуде өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әнші Батырхан Шүкеновпен қоштасу рәсімі бүгін Астана уақыты бойынша 14.00-де Мәскеуде өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, Желіде жарияланған мәліметке сәйкес, ресми қоштасу ресімінің мекен-жайы айтылады - 2-ші Боткинский даңғылы 5-ші үй, 33. Боткин атындағы қалалық клиникалық аурухана. Кейін әншінің денесі Алматыға жеткізіліп, жерленеді.

Осыған дейін әншінің 52 жасында Мәскеуде қайтыс болғаны хабарланды. Ол жүрек талмасына ұшыраған. Оның ағасы Бауыржан Шүкеновтің айтуынша, орындаушының соңғы кезде денсаулығы нашарлай түскен. Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. Мансап жолын ол белгілі әнші Роза Рымбаеваның саксофоншысы ретінде бастаған. 1988 жылы өзі құрған А'Студио тобының фронтменті болады, ал бір жылдан кейін "Джулия" деп аталатын хит әні шығады. Танымалдылық бұл топқа Алла Пугачевамен бірге "Рождественские встречи" байқауына қатысқаннан кейін келеді. Батырхан Шүкенов А'Студио тобынан 2000 жылы кетіп, жеке өнер көрсете бастайды. 2015 жылы "Россия 1" телеарнасының "Один в один" шоуына қатысып жатқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети