07 тамыз 2018 11:02

Баум бағынан басып алынған жер телімдері қалаға қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Табиғи ескерткіш болып табылатын "Баум бағының" аумағы Алматы қаласының коммуналдық меншігіне өткеннен соң мегаполис әкімдігі жеке тұлғалар мен автосалон иелерінің көлік тұрағын ұйымдастыру үшін жер телімін өз беттерінше басып алғандығын анықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Табиғи ескерткіш болып табылатын "Баум бағының" аумағы Алматы қаласының коммуналдық меншігіне өткеннен соң мегаполис әкімдігі жеке тұлғалар мен автосалон иелерінің көлік тұрағын ұйымдастыру үшін жер телімін өз беттерінше басып алғандығын анықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Маусым айының соңында Алматы әкімі Бауыржан Байбек заңға сәйкес басып алынған жер телімдерін қайтаруды және оны жасылдандыруды тапсырған еді. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ақпараты бойынша қазіргі кезде мегаолистің ең үлкен және жасыл аумағындағы барлық жер уачскелері қалаға қайтарылды.

Бұлардан өзге, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бақ периметрі бойынша тәулік бойына жұмыс істейтін полицияның төр постысы іске кірісті, сонымен қатар бұрын құлаған ағаштардан жасалған эко- стильдегі навигациялық тақтайшалар, орындықтар қойылды. Терек, емен, қайың аллеялары үшін ағаштар отырғызу жоспарланған.

Ағаштардың иммунитетін арттыру және зиянкестерден қорғау үшін заманауи препараттарды арқылы жасыл желектер биологиялық өңдеуден өтетін болады. Табиғи аймақта флора мен фаунаны кеңейту міндеті қойылған.
Айта кетерлігі, Алматыда соңғы айлар ішінде тағы да бірқатар жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Әкімдіктің қаулысы бойынша ҚІЫО "Атакентке" 23 гектар жер телімін уақытша жалға беру келісімі күшін жойды. "TURKUAZ GROUP OF COMPANIES" компаниясы "Южный" паркі учаскесінде тұрғын салудан өз еркімен бас тартты.

Екінші деңгейлі банктің бірімен Розыбакиев-Штраус-Есқараев-Радостовец көшелері аумағындағы жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы келісімге қол жеткізілді. Сақ қорғаны орналасқан бұл жерге ашық аспан астындағы Музей салу жоспарланған.

Сонымен қатар, Алматы әкімдігі қала ипподромы мен "Сайран" автовокзалын тарихи- мәдени мұра обьектілерінің алдын - ала жасалған тізіміне енгізді.

Өткен аптада мегаполис әкімі Бауыржан Байбек Абай көшесі бойындағы Түрксіб ауруханасының бұрынғы ғимаратын Алматы қаласы тарихының ескерткіштері тізіміне енгізу мәселесін қарастыруды тапсырды.
Ғимаратты тарихи- мәдени мұралар тізіміне енгізу оның сыртқы келбетін және ішін,конструкцияларын, құрылысын, мақсатты пайдаланылуын өзгертуге және қорғалатын аумағын бұзуға тыйым салыады. Нысанды өзгертуге,жөндеуге және реконструкциялауға қатысты кез-келген шаралар өкілетті органның келісімімен ғана жүргізіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети