Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Бауыржан Әбдішев қылмысын мойындамады

28 Шілде 2015, 17:01
1
Бауыржан Әбдішев. © Айсұлу Бұштаева
Бауыржан Әбдішев. © Айсұлу Бұштаева

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев тергеу кезінде берген түсініктемелерін мойындаудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Оның Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов пен Қарағандының экс-әкімі Мейрам Смағұловқа қатысты қозғалған ірі қылмыстық істің фигуранты екені белгілі. 

Сонымен қатар, соттың Қазақстаның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов пен істің өзге фигуранттарының қорғаушылары ұсынған өтінішті қабылдамағаны белгілі болды. Ахметовтің адвокаттарының соттан шығын келтіру және кепілдендірілген мүлік құнын арттыру бойынша айыптарды алып тастауды сұрағаны анықталды. Өз кезегінде өзге айыпталушылардың адвокаттары қорғаушыларына қатысты қолданылған бұлтартпау шарасын өзгертуді сұрады.

Бұған дейін Серік Ахметовтің адвокаттарының оның екі бап бойынша тағылған қылмыстарына кінәлі емес деп мәлімдегендері хабарланған болатын. Қорғаушы тараптың ойынша, қазір "Топарские теплицы" ЖШС-ның мүлкі - 2 миллиард теңгеге, ал "Қазагро" мүлкі 1,1 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Сондықтан, қорғаушы тарап мемлекетке шығын келмегендіктен, қылмыс құрамы да болған жоқ деді. Өз кезегінде Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевтің адвокаттары оған қолданылған бұлтартпау шарасын өзгертуді сұрады, себебі олар айыпталушыны бұдан әрі қамауда ұстауға негіз жоқ деп есептейді. Прокурорлар өтінішті куәгерлердің барлығынан түсінік алынып, іс материалдары толық зерттелгеннен кейін ғана қанағаттандыру мүмкін болады деп жауап берді.

Айта кетейік, Қазақстанның бұрынғы министрі Серік Ахметовке жемқорлық мәндегі алты қылмыс бойынша ресми түрде айып тағылған болатын, олардың қатарында аса ірі көлемде пара алды (тергеудің тұжырымынша, 2 миллион 400 мың доллар - Авт.), аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды, лауазымын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты деген айыптар бар.

Серік Ахметов 2014 жылы қарашада қамауға алынды. Оған қатысты үй қамауына алу бұлтарпау шарасы қолданылды.

 

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай