Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Бауыржан Байбек әкімдік алдында велосипед тепті

16 Қыркүйек 2016, 14:43
0

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жаңадан енгізілген Almaty Bike жүйесін сынақтан өткізіп, велосипедпен жүріп өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, 16 қыркүйекте Алматыда да Астана мен Шымкенттегідей велопрокат жүйесі енгізілген еді.

Almaty Bike жүйесін сынақтан өткізген қала әкімі бұл жобаны іске асыруға ресми түрде бастама берді. Велостанциялардың бірі әкімдіктің алдында орналасқан екен. Айта кетейік, қалада осындай 50 станция орнатылып қойған. "Велосипедпен жүру өте пайдалы, адамның денсаулығына да жақсы әсер етеді. Қалаға адамдарды тартуға да жақсы", - деді Байбек.

"Алматыда арнайы техникалық қызмет жұмыс істейтін болады. Яғни, станцияларда велосипедтер болмаған жағдайда, олар толықтырылатын болады. Біздің almatybike.kz деген сайтымыз бар. Онда қолданушылар тариф жайлы, карточкамен қалай қолдану керектігі жайлы мәлімет таба алады. Сонымен қатар, жақында біз ұялы қосышаны да жүзеге асырамыз", - дедң Қоғамдық VeloCitykz қорының басшысы Алмагүл Қасымова.

Айта кетейік, велосипед хроммен қапталған құрыштан жасалған. Велосипедтің детальдары басқа велосипедтердің біреуіне де ұқсамайды екен.



Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай