05 шілде 2019 10:51

Бауыржан Байбек Арыс тұрғындарымен кездесті

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Арыс қаласындағы әлеуметтік және тұрғын үй нысандарын қалпына келтіру жұмыстарын тексерді, сондай-ақ, қайғылы оқиға кезінде үйлері зардап шеккен отбасылармен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Арыс қаласындағы әлеуметтік және тұрғын үй нысандарын қалпына келтіру жұмыстарын тексерді, сондай-ақ, қайғылы оқиға кезінде үйлері зардап шеккен отбасылармен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Арысқа арнайы барып, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарымен таныстым. Төтенше жағдайдан үйлері зардап шеккен отбасылармен кездесіп, ешкімнің назардан тыс қалмайтынын, мемлекет тарапынан бәріне бірдей қолдау көрсетілетінін айттым. Соған байланысты Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес нақты шаралар қолға алынып жатыр", - деп жазған ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Арысқа арнайы барып, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарымен таныстым. Төтенше жағдайдан үйлері зардап шеккен отбасылармен кездесіп, ешкімнің назардан тыс қалмайтынын, мемлекет тарапынан бәріне бірдей қолдау көрсетілетінін айттым. Соған байланысты Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес нақты шаралар қолға алынып жатыр. ⠀ Апаттың зардаптарын жоюға бүкіл ел болып жұмылуда. Қазірдің өзінде жүзден астам құрылыс компаниялары мен мың жарымнан астам маман келіп, жұмысты бастап кетті. Қираған үйлердің барлығын 1 тамызға дейін тапсыру жоспарланып отыр. Бұл істе «Nur Otan» партиясы тарапынан қоғамдық және партиялық бақылау күшейтіледі. Апта сайын қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы ақпараттар жарияланып отырады. ⠀ Осы ретте біздің жастарымызға, жасотандықтарға ерекше алғысымды білдіргім келеді. Олар еріктілер ретінде алғашқылардың бірі болып апат болған жерге келіп, Арыстағы ағайынға нақты көмек көрсетуде. Бұл нағыз отаншылдық пен азаматтықтың жарқын көрінісі. Арыс, біз біргеміз!!!

Публикация от Бауыржан Байбек (@baibekbk)


"Апаттың зардаптарын жоюға бүкіл ел болып жұмылуда. Қазірдің өзінде жүзден астам құрылыс компаниялары мен мың жарымнан астам маман келіп, жұмысты бастап кетті. Қираған үйлердің барлығын 1 тамызға дейін тапсыру жоспарланып отыр. Бұл істе "Nur Otan" партиясы тарапынан қоғамдық және партиялық бақылау күшейтіледі. Апта сайын қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы ақпараттар жарияланып отырады", - дейді ол. 



"Осы ретте біздің жастарымызға, жасотандықтарға ерекше алғысымды білдіргім келеді. Олар еріктілер ретінде алғашқылардың бірі болып апат болған жерге келіп, Арыстағы ағайынға нақты көмек көрсетуде. Бұл нағыз отаншылдық пен азаматтықтың жарқын көрінісі. Арыс, біз біргеміз!!!", - деді Байбек. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети