23 мамыр 2018 11:40

Бауыржан Байбек блогерлер мен фейктерге қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматы әкімі Бауыржан Байбек XV Еуразиялық медиафорумға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Бауыржан Байбек XV Еуразиялық медиафорумға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімі геосаяси және өркениеттер қақтығыстарының көз алдымызда күшейіп бара жатқанын айтып өтті.

"Халықаралық саяси құралдар ретінде бірінші кезекте - күш, қысым, қорқытулар қолданылады. Әлемдік масс-медиа өңірлік және жаһандық соғыстың құралы болып бара жатыр. Фейктер әділдік пен жауапкершілік принциптерін бұзып жатыр. Ал бүгінде БАҚ-тың мүмкіндіктері мынандай - қоғамдық пікір арқылы түрлі айла-амалдар жасап қана қоймай, құндылықтарды өзгерту (...) ", - дейді Байбек.

Сондай-ақ, қала әкімі осы форумның әлемде болып жатқан процестерді талқылауға мүмкіндік беріп, проблемаларды шешуге тиімді жауаптар табуға ықпал ететініне сенімді екенін айтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети