02 маусым 2016 17:16

Бауыржан Байбек тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жұмысына сын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бауыржан Байбек Бауыржан Байбек

Алматыдағы көпшілік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы өз жұмысын орындай алмай отыр. Бұл туралы бүгін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының қызметі мәселелері жөніндегі жиын барысында қала әкімі Бауыржан Байбек айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бастысы не? Бастысы жарықтың жанып тұрғаны, кіреберістердің таза болғаны, қоқыстың шығарылғаны. Мұның барлығы адамның көңіл-күйін туғызады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы өз міндетін орындай алмай отыр", - деді әкім. Оның айтуынша, әкімдікке жыл сайын екі мыңға жуық шағым түседі екен. Әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшалары ашылғаны бері 2016 жылдың айларында 7 мың шағым келі түскен. Оның пікірінше, Instagram желісіндегі аккаунтқа жазылған 70 мың қолданушының 75 пайызы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жұмысына көңілі толмайды.

Тұрғын үй басқармасының басшысы Қайрат Нұрқаділов 4200 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет екенін айтты, бұл қаладағы тұрғын үй қорының 50 пайызы екен. 2011-2015 жылдар аралығында 1,8 миллиард теңге бөлінген, алайда жөндеу жұмыстары 227 үйде ғана жүргізілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети