09 қыркүйек 2016 13:40

Бауыржан Байбектің жалақысы қанша?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Бауыржан Байбек өзінің жалақысын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы қаласы әкімінің айтуынша, оның жалақысы - шамамен 600 мың теңге.


Бауыржан Байбек өзінің жалақысын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы қаласы әкімінің айтуынша, оның жалақысы - шамамен 600 мың теңге.

"Айына шамамен 600 мың теңге. Яғни, еңбек өтіліміне байланысты  (...) Мұны үкіметтегілер бекітті. Ешқандай да құпия жоқ", - деді әкім Ақордадағы үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қанша жалақы алатыны айтылған болатын. Аймақ басшысының ай сайынғы алатын жалақысы 863 мың теңге екен. Ақтөбе облысы басшылығы ай сайын жалпы 3 миллион 300 мың теңге алады. Бұл сомаға әкімнің жалақысымен қатар бес орынбасарының жалақылары кіреді. Атап айтар болсақ, Ғали Ысқалиев - 461 000 теңге, Жаңабай Бексары - 503 000 теңге, Асқар Биахметов - 507 000 теңге, Асқар Шериязданов - 511 000 теңге және Мұхтар Жұмағазиев - 518 000 теңге.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети