15 шілде 2019 12:16

Бауыржан Сартбаев Kazakh Invest төрағасы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бауыржан Сартбаев Kazakh Invest төрағасы болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Бауыржан Сартбаев Kazakh Invest төрағасы болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Директорлар кеңесінің шешімімен Сартбаев Бауыржан Мейрамбекұлы "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Бауыржан Сартбаев 1966 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін, КИМЭП бітірген. 2000-2002 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің "Оңалту қоры" РМК заң басқармасының бастығы болды. 2000-2002 жылдары - ҚР Білім министрлігінің "Қаржы орталығы" ММ директорының орынбасары. 

2003-2006 жылдары - "Қазастықтранс" еншілес компаниясының басқарма төрағасы болды. 2006-2007 жылдары - Ұлыбританиядағы "Азық-түлік корпорациясы" АҚ өкілдігінің директоры, 2008-2012 жылдары - "Номад" ЖШС директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 

2012-2013 жылдары - "Сарыарқа" кешенді даму орталығы" мемлекеттік қоры директорының орынбасары, 2013-2015 жылдары - ҚР ПІБ "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" РМК директорының орынбасары. 2015-2018 жылдары - ҚР ПІБ РМК директоры. 2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы  Сауда өкілі лауазымында болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети