Баян Есентаева қазақстандықтарды жаңа Конституциямен құттықтады

10 Наурыз 2017, 13:58
1
Баян Есентаева қазақстандықтарды жаңа Конституциямен құттықтады -

Баян Есентаева қазақстандықтарды жаңа Конституциямен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандық продюсер бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Жаңа Конституциямен құттықтаймын! Соңғы түзетулер елімізге пайдасын тигізеді деп сенемін", - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, осыған дейін Баян Есентаева Мемлекет басшысының ҚР Конституциясының 26-бабын өзгеріссіз қалдыру туралы ұсынысына қатысты пікірін айтқан болатын.

"Қоғамның негізгі заңымыз - Конституцияға қатысты өзгерістерді талқылап жатқаны ешкімге де құпия емес. Мені Нұр Отан партиясының мүшесі ретінде және еліміздің азаматы ретінде жер мәселесі ерекше алаңдататын. Міне, бүгін мен жаңалықтардан Президенттің халықты қолдағанын ғана емес, сондай-ақ, оның өзінің өкілеттігін қысқартуға дейін барғанын оқып, қуанып қалдым. Мемлекет басшысы 35 өкілеттігін үкіметтегілер мен Парламентке беріп отыр. Енді біздің министрлер мен депутаттарымыздың расында да қандай рөл атқаратынын білетін боламыз! Бәрекелді, Нұрсұлтан Әбішұлы!", - деп жазған еді Баян Есентаева Instagram желісіндегі парақшасында.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай